Бір адам дана кісінің біріне келіп:
-Неге біз естіген ілімімізден рухани пайда ала алмай жүрміз? – деп сұраған екен. Сонда дана оған:
- Мына бес нәрсе себепті, - деп, ол бес нәрсені былайша сайып өтіпті:
- Алла нығметін сендерге беріп жатыр, бірақ соған шүкір етпейсіңдер.
- Қашан күнә жасап қойсаңдар, ол үшін Құдайдан кешірім тілемейсіңдер.
- Үйренген ілімдеріңе амал жасамайсыңдар.
- Салиқалы, әрі игі жақсылармен жолдастық құрасыңдар, бірақ оларға еліктемейсіңдер.
- Өлілеріңді көмесіңдер, бірақ олардан ғибрат алмайсыңдар[1].
[1] Әбу Ләйс әс-Самарқанди: «Тәнбиһуль Ғофилин». 274-275 бет.