Егер Аллаға ісіңіз түспесе...
Егер Аллаға ісіңіз түспесе...
9 жыл бұрын 4206

Мұсылман патшалардың бірі исламды жаю мақсатында Үндістанға бірнеше жорық ұйымдастырған еді. Сондай жорықтардың бірінде қолын жайып: - Уа, Аллам, егер осы жолы жеңіс нәсіп етер болсаң, түскен олжаның барлығын кедей-кепшіктерге садақа етіп таратамын, - деп серт берді.

Расында сол жолы жолы болып, жеңіске жетті. Кезек олжаға келгенде еш тартынбастан кедей-кепшіктерге тарата бастады. Бірақ бұл уәзірлерінің наразылығын тудырды. «Патшам, бұныңыз қалай? Бағалы бұйым, інжу-маржандар кедейлерге лайық па? Бұлай таратпаған дұрыс шығар, одан да қазынаға салсақ» дейді уәзірлері. Әрі-сәрі күй кешкен патша соңында бір ғалымның кеңесіне жүгінгенді жөн көреді. Жағдайды түсіндіріп ақыл сұрайды. Сонда ғалым: - Патшам, бұл жерде бас қатыратындай дәнеңе жоқ. Егер Аллаға енді ісім түспейді десеңіз, уәзірлеріңіздің-ақ дегенін істеңіз», - дейді. Бұл сөзді естігенде патша тез есін жиып, олжаны бірін қалдырмай кедейлерге таратуды бұйырады.  

4 пікір