Дін тазалығы деген не?
Дін тазалығы деген не?
9 жыл бұрын 5253

Бірде бір әйел кісі келіп Хасан Басриге:

«Уа, имам! Дін тазалығы деген не?

Діннің мәні неде?

Діннің қазынасы деген не?» деген үш сауал тастады.

Хасан Басри оған былай деп жауап қатты:

«Діннің тазалығы дәрет алуда жатыр.

Діннің мәні – Алладан қорқу және Алладан ұялуда. Ал діннің күші – намаз оқуда. Сондай-ақ, Ұлылық иесі Алла ұятты құлын жақсы көреді. Діннің қазынасы – білім. Кім дәрет алуды елемесе, иманын таза ұстамағаны. Кімнің ұяты жоқ болса, иманы да жоқ. Кім Алла Тағаладан қорықпаса, иманының мәні болмайды. Кім білім ізденбесе – ол діннің қазынасына жолыға алмайды».

1 пікір