Газалық бір имамның естелігінен. (Газа – Палестина жеріндегі көне бір қала).
Мешітте тарауих намазын өткізетін Ол былай деп әңгімелейді:
«Тарауих намазында үнемі алдыңғы қатарда тұратын Даун синдромымен ауыратын бір адам бар. Сырқатының салдарынан дауысы кейде қатты шығып кетеді. Кейде имамсыз рүкүғ жасап, имамсыз өздігінен сәждеге барып жатады. Қашан, мен рүкуғдан бас көтеріп жатып: «Сәми'Аллаһу лимән хамидәһ» (Алла өзін мақтағанды естиді) дегенімде, ол адам да бейкүнә кейіпте дауыстап:
«Сен мені естисің бе, уа Алла?!» - дейді.
Ал қашан біз сәждеге барғанда, әлгі кісі көтеріңкі дауыспен сәждеде жатып:
«Уа, Алла! Мен сені жақсы көремін!» - деп айтады...
Намазды оқып болғаннан кейін, одан әсерленіп көз жасымды ұстай алмай қаламын. Бірде, көзімдегі жасты байқап қалған қасымдағылардың бірі менен не болғанын сұрады, сонда мен оған:
«Мына Даун синдромымен ауыратын кісі Аллаға бізден де жақсы құлшылық қылады. Оны ақаулы дейміз. Негізінде ақаулы – ол емес, бізбіз. Ол құлшылықты бейнебір Алланы көріп тұрғандай жасайды. Ихсан – дегеніміз сол. Ол Аллаға тек намаз оқып қана қоймайды, ол Алланы жақсы көреді» - деп жауап бердім...
Алла Тағала өзіне махаббатпен, шын ықыласпен және үлкен шынайылықпен құлшылық қылуымызды жазсын!
Орыс тілінен аударылды. Islam.kz