Бір залымның: "құлшылықтың ең абзалы қайсы?" деген сұрағына әулиенің жауабы...
Бір залымның: "құлшылықтың ең абзалы қайсы?" деген сұрағына әулиенің жауабы...
4 жыл бұрын 15747

Шейх Саъди әш-Ширази деген кісі әңгімелейді: 

Жұртқа күн көрсетпейтін бір залым, қатыгез адам өмір сүріпті. Жұрттың ығырын шығарып, елдің бәріне зияны тиіп болған екен. Күндердің бірінде әлгі адам тақуа әрі әулие кісіге жолығып қалып: 

-Тақсыр, ғибадаттардың ең абзалы қайсы? - деп сұрапты. 

Сонда әулие кісі оған: 

- Сен үшін - ұйқы, - деп жауап беріпті. Әулиенің сөзіне таңырқаған залым: 

- Неге? - дейді түсінбей.

- Өйткені ұйқыдағы кезіңде ешкімге зияның тимейді! - деген екен. 

Сөз тапқанға қолқа жоқ! Ешкімге пайдамыз тимесе де, құр болмағанда зиянымыз тимесін, оның өзі қоғамға қосқан үлесіміз болмақ.  

Абдусамат Қасым

0 пікір