Имам Ағзам Әбу Ханифаның таңдаулы шәкірті Әбу Юсуфқа жүз сұрақ қойылғанда, алпысына «білмеймін» деп жауап қатыпты. Тыңдаушылар «Әй, имам, біз саған айлық төлеп отырмыз, жүз сұрақтың алпысына білмеймін деп жауап қаттың, бұл қалай?» депті. Сонда имам: «Сендер менің білгендерімді бағалап, айлық төлеп жатырсыңдар. Ал білмегендерім үшін де айлық төлемек болсаңдар, қаражаттарың жетпес еді» дейді.
Имам Әбу Юсуф сол күні пәтуа беретін ең жоғарғы деңгейде болатын.