Бес түрлі адаммен достаспа
Бес түрлі адаммен достаспа
9 жыл бұрын 24683

Имам Мұхаммед Бакыр былай дейді: "Әкем имам Зәйнулабидин хазірет маған: "Бес түрлі адаммен сөйлеспе, дос болма", - деп насихат айтты.

«Әкетай, айтқаныңызды құп алдым. Ол бес түрлі адамның қандай адамдар екенін білдірмес пе екенсіз?» - деп сұрадым. Сонда былай деп түсіндірді:

«Пасық (Алланың бұйрықтарын орындамайтын) адаммен дос болма. Өйткені ол сені бір жұтым асқа, тіпті болар-болмас нәрсе үшін-ақ сатып кетеді».  «Болар-болмас дегенді түсіндіресіз бе?» деп сұрадым. «Айтпағым, қолы жетсе деп өлермендік танытып, бірақ қолы жетпеген нәрсе».

«Әкетай, екіншісі кім?»

«Сараңмен дос болма! Өйткені ол қатты қиналған кезіңде дүниесін қорғаштап, сенімен араластығын үзеді».

«Үшіншісі кім?»

«Өтірікшімен дос болма! Өйткені ол жақынды саған алыс етіп көрсетеді».

«Төртіншісі кім?»

«Ақымақпен дос болма! Өйткені ол саған пайда тигіземін деп зиян тигізеді».

«Әкетай, бесіншісі кім?»

 «Жақын туыстарымен араласпай кеткен адаммен дос болма! Өйткені Құран кәрімнің тура үш жерінде бұндай адамның оңбайтындығы айтылғанын байқадым». 

2 пікір