Бәязид әл-Бастами өте кішкентай кезінде бір түні, түннің бір бөлігінде ұйқыдан оянып кетіп, тәһәжүд намазын оқып отырған әкесін көреді. Сол сәтте бала бірден:
- О, менің әкем, маған дәрет алу мен намаз оқуды үйретіңізші, мен де сізбен бірге Аллаға құлшылық жасайын, - дейді. Әкесі:
- О, кішкентай ұлым менің, сен ұйықтай ғой, сен әлі кішкентайсың, - деп жауап береді ұлына. Бәязид әл-Бастами бірден:
- Ардақты әкешім! Қиямет күні келген кезде мен өзімді Жаратушыға Аллаға былай деймін: "О, Жаратушы Ием! Мен сол бір кезде әкемнен маған дәрет алып, намаз үйретуді сұрап едім, ол болса: "Сен әлі кішкентайсың деп үйретуден бас тартты".
Ұлының бұл жауабын естіп, ойланған әкесі бірден Бәязидке қарап:
- Жоқ! Ант етемін, ұлым, жоқ!, - деп кішкентай ұлының өтінішін орындап, дәрет пен намаз оқуды үйретті. Содан бастап Бәязид әл-Бастами әкесімен бірге тәһәжүд намазын оқитын болды. Кейіннен Бәязид есейе келе руханият шыңына жетіп, әулиелердің қатарын толықтырды.