«Баланың ақысы» дегеннен шығады, ертеде Әзіреті Омарға (радияллаһу анһ) бір ер адам баласын ертіп келіп:
- Мына балам менің тілімді алмайды» - деп шағымданыпты.
Әзіреті Омар балаға қарап:
- Әкеңе неге қарсы келесің? Алладан қорықпайсың ба? Оның ақысын білмейтін бе едің? - деп, әке алдындағы міндеттерін тізе бастапты.
Сонда бала:
- Уа, мұсылмандардың әміршісі! Баланың да әкесінде ақылары бар ма? - деп сұрайды.
Әзіреті Омар:
- Әрине, бар. Баланың әкесіндегі ақысы мыналар: әкесі анасын аларда таңдап алуы керек, яғни болашақта баласы ұялмайтындай иманды, ибалы әйел затын әйелдікке алуы керек, сондай-ақ, балаға жақсы есім беруі тиіс және балаға оқу-жазу үйретуі ләзім» - деп баланың әкесіндегі ақысын айтып беріпті. Жауапты естіген бала:
- Аллаға ант етейін! Әкем менің анамды таңдап алмаған. Анам Синх ұлтынан. Оны әкем төрт жүз дирхамға сатып алған екен. Және де әкем маған көркем есім бермеді. Ол маған "Жуъал" деп, жарғанаттың еркегінің атауын берген. Сондай-ақ, әкем маған Құранның бір де бір аятын үйреткен емес, - деп ол да әкесінің шағымына қарсы, өзінің шағымын жеткізіпті. Сонда Омар әкесіне қарап:
- Балам менің ақымды жеді деп отырсың. Ол сенің ақыңды жеместен бұрын, сен оның ақысын жеген екенсің ғой. Тұр да бар! - деп, кері жөнелтіпті[1].
[1] Әбә Ләйс әс-Самарқанди: «Тәнбиһуль Ғофилин».