Хасан Басри әңгімелеуде:
«Бір кісі хазірет Османға келіп «Барлық қайырымды істі сен секілді байлар істейді. Садақа беріп, құлдарға бостандық әперіп, қажылыққа барасыңдар және нәпақа бересіңдер» дейді. Оған хазірет Осман «Ал сендер бұған қызығасыңдар, солай ғой?» деп сұрақ қояды. Oл кісі «Иә» деп жауап бергенде, хазірет Oсман: «Aлла атымен ант етейін, ештеңесі болмай, еңбектеніп нәпақа берген адамның бір дирхемі нәпақа беруші бай біреудің он мың дирхамынан әлдеқайда қайырлы. Өйткені, бай көптің азғантай бір бөлігін ғана нәпақа береді» дейді1.
1 Юсуф Қандахлауи, aтал.eңбек, 2/158