Атымтай Жомарттың садақасынан бас тартқан кедей
Атымтай Жомарттың садақасынан бас тартқан кедей
10 жыл бұрын 9028
Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

Атымтай Жомарт бір күні көп мал сойып, қаладағы кәріптерге тамақ, киім берген соң: "Қала кедейін тойғызсам да, дала кедейі бар шығар", - деп, даладан іздеп келе жатса, үстінде қырық жамау шекпені бар бір адам отын алып жүр екен. Атымдай соған келіп:

- Бүгін Атымтай кәріптерге киім, тамақ беріп жатыр, соған баруыңызға болмас па екен? - дегенде, әлгі жарлы айтыпты:

- Сен Атымтайдың жіберген адамы болсаң, оған сәлем айт! Адал еңбекпен қатын-баласын асырап, артылған еңбегімен өзінен төмен кем-кетікке жәрдем қылуға әлі жетіп, соған әбден құмарланып кеткен адамға Атымтайдың керегі жоқ. Мен бүгін қатын-баламды тойғызарлық отын жиып алдым. Енді анау отырған ақсақ шал үшін отын алып жүрмін. Дені сау адамды Атымтай асырап, тіленшілікке салып жібермесін. Кем-кетікке қарассын! Атымтай малмен мырзалық қылады, мен еңбек, теріммен мырзалық қыламын, қайсымыз мырза екенімізді Атымтай өзі сынасын! - депті.  

0 пікір