Әр істің хикметі Аллаға ғана аян
Әр істің хикметі Аллаға ғана аян
8 жыл бұрын 6290
Құдайберді БАҒАШАР

Уәһб ибн Мүнәббиһ әңгімелеуде:

"Бірде Әзірейіл (а.с.) елді қан қақсатқан бір залымның жанын алады. Жер бетінде зұлымдығы одан өткен жан жоқ еді. Сөйтті де көкке көтерілді. Періштелер

оны қаумалап:

– Осы уақытқа дейін жанын алған адамдарыңның ішінде ең көп қайсысына жаның ашыды? – деп сұрады. Әзірейіл:

– Шөлде мекендейтін бір әйелдің жанын алуға бұйрық алдым. Барғанымда, толғағы жетіп, бір ұл баланы босанған кезі екенін көрдім. Сол жолы ажалы жеткен әйелге де, шөл далада қараусыз қалып бара жатқан шаранаға да жаным ашыды, – деді. Періштелер оған:

– Сен бүгін жанын алып қайтқан залым сол жолы сен аяған жаңа туылған сәби болатын, – дейді. Бұны естігенде Әзірейіл (а.с.):

– Қалаған құлын игілікке бөлеген Алла барлық кемшілік атаулыдан пәк, – деп тәспих айтты.

 

0 пікір