«…Алла ниеттеріңізді қабыл етсін», - деп әдеттегідей мешіт имамы жұма намазын аяқтады. Жамағат бір үйдің баласындай болып бәрі беттерін сипап, іштерінен «әминдерін» айтып, есікке қарай бет бұрды. Бұндай ұлық күні әркімнің көңіл-күйі көтеріңкі. Мешіттен шыға бере, әрбірі өз танысын жұрт ішінен тауып алып, құшақтасып, қал-жағдайын сұрастырып жатыр.
- Ассаламағалейкум, бауырым! Қабыл болсын! – деді Мағжан Қанат досына күлімдеп.
- О, уағалейкумассалам! Әмин! Сенің де ниетінің қабыл болсын!
- Қалың қалай? Не жаналық?
- Шүкір ғой. Әй, сол сабақта... Өзің қалайсын? – деді Қанат, өтірік жимиып.
- Алла деп. Е, түсінікті. Сол ғой біз де, - деп Мағжан біраз кідіріп, - енді қайда? Үйге барсаң бірге барайық та?
Әншейінде өзі жалғыз жүргенді ұнататын Қанат, осы жолы танысының көңілін қалдырғысы келмей, «жұма ғой енді» деген оймен:
- Бопты, - деп қана коя берді.
Екеуі мешіт ауласынан сыртқа қарай жол бастады. Мешіттің алды толған халық. Аяқ басар жер де жоқ. Назарыңды қайда бұрмасаң да, күлімдеген жамағаттың жүздеріне тап боласың. Бір бірін осы қасиетті күнмен құттықтап, мәз-мейрам болып жатыр. «Ниеттеріңіз қабыл болсын», «намаздарыңыз қабыл болсын» деп күбірлеп отырған бейшара қайыршылар да осында. Қанат шалбарының қалтасын ақтарып, бір майда-шүйде тиын-тебенді бір қарияның кішкене қорабына тастап жіберді. Осыны байқаған Мағжан, түк болмағандай болып ілгері жүріп кетті. Мешіттен біраз жерге алыстаған соң, жаңадан бері үндемей келген Мағжан:
- Анаған не үшін ақша бердің осы?
- О не дегенің? Қайыр сұрап тұрған соң бердім. Сен де бір қызық сұрақ қойдың ғой...
- Е, мұрның сезбей ме, немене?.. Арақ сасып тұрды ғой... Ана берген ақшаңды барып тағы сол ішімдікке құртады...
- Енді... Ей, бәрібір емес пе? Сенің малың кеткен жоқ қой! – деді Қанат сәл ашуланып. «Немене адам өзі... Менің ақшамда несі бар... Жармасып, тегі, қасыма... Ілестірмей жалғыз кете беруім керек еді...», - деп өз ішінен күйініді.
Мағжан оның бұл сөзін жауапсыз қалдырды.
Екеуінің жолы, кептеліс болып жатқан, көлектер жүретін жолдан бұрылып, тұрғын үйлерге қарай беттеді. Арттарында дүние өмірі қайнағанның үстіне қайнап жатыр. Мешіттен енді шығып, көліктеріне отырған адамдардың сабырлығы ыстық күнде буланған судың буындай жоғалып кетті. Қала өмірі оларды таудан түскен селдей жұтып алды.
Екі дос әлі де үнсіз. Бірақ «ренжітіп қоймад-ау» деп Қанат, Мағжанды сөзге тартып:
- Әй, оны қойшы, бүгінгі уағыз керемет болды, йә? – деді.
- Йә... Көп нәрсені біліп қалдым. Мә, имам айтпағанда ғайбаттың зинадан да жаман екенін білмей жүрер едім осыған дейін, - деп Мағжан аз үндемей, - сонда «Кука»-ныкі дұрыс емес қой?
- Ол кім тағы?
- Е, ана қара бала ше, кезінде бізде оқыған. Тағы қарындасын ылғи ертіп жүретін.
- А, Қуаныш па Омаров?
- Йе, сол-сол. Сол деген, қашан көрмесең, әйтеуір, біреуді жамандап отыратын... Өзі қортық, қап-қара, тағы біреулерге не бір ат қойып, өзінше мұрнын шүйіріп...
Шыдамы таусылған Қанат, бар күшімен ашуын басуға тырысып:
- Йә... Солай де... Уағызды дүрыс тындамапсың, ә – деді мүмкін болған сабырлы дауыспен.
- Тыңдаған соң солай деп тұрмын... Дұрыс қой...
- Йә-йә, сенікі дұрыс... – деп, өзі ішінен: «түһ, бір, неткен адам едің а!» - деп ашуланды.
Осы сөздерден кейін, не жайлы сөйлесерін білмей, екеуі үн қатпай жүріп келді...
- Мә, өмір деген не болып барады... – деді Мағжан сол бір үзілістен кейін, - Теңге құнсызданып, үйдегі жағдай мүлде қиындады... Нан алудың өзі бір әңгіме... Әкемді жұмыстан қысқартып..., - деп әңгімесін басатағыны сол еді.
- Мінекей, үйіме де жетіп қалдық, - деді Қанат Мағжанның сөзін тыңдағысы келмей.
- Қап, тез жетіп қалдық, а. Айтатын біраз нәрсе бар еді... Мүмкін тағы бір бес минут тұра тұрасың, а?
«Қойшы, сенімен тұратын, өсегің мен сенің үйіндегі қайдағы бір жағдайлырды тыңдайтын уақыт жоқ менде... », - деп жауап қайтарғысы келгенімен, - Ренжіме, шынымен кету керек..., - деп үлгермеген Қанаттың сөзін алыстағы біреудің айқайы бөліп жіберді. Екеуі кілт сол жаққа бұрылды.
- Мага, брат! – деп Мағжанға бір бейтаныс айқай салды. Орташа бойлы, қалың сақалды, тізеден сәл төмен түскен шолақ шалбар киген, құлағында құлаққабы[2] бар, түрінен қазақ екені байқалатын бір кісі үлкен қадамдармен екеуіне тез жақындап келеді. Мағжан бірден оны танып:
- О, брат. Ассаляму алейкум!
- Уа алейкумус-салям, ахи. Джума мубарак!.. Как ты? – деді әлгі азамат.
- Әльхамдулилләһ.Ты сам как?... Вот познакомся, это Қанат. Мы с ним вместе в школе учились... А это... Ой... Ал бұл Абдулла. Алдында группаласымның туған күнінде танысқан едік, - деді Мағжан, екеуін бір-біріне таныстырып.
- Да ничего, альхамдулилляһ тоже... Очень приятно, - деді әлгі қазақ жігіт Қанатқа қолын ұсынып.
Мағжанның бұндай өзгерісіне таңырқаған Қанат, тек қолын созып, үндемей ғана танысып тұра берді.
- Брат, слышал ты на намаз встал недавно, ма ша Аллах, рад! Как читаешь? Ну там по сунне надеюсь? – деді Абдулла Мағжанға қарап.
Қанаттың «по сунне» деген сөзді естісе болғаны, көз алдына талтайған, қолын көкірегінде байлаған, болмаса қалтасына салып қойған, көрінген жерде тісін мисуакпен шұқылап тұратын адам елестейді.
- Аха, алхамдулилляһ. Нет, поханафитскому мазхабу. А что? – бұндай сұраққа Мағжан көзін бақырайтып, «бірдене дұрыс істемедім бе» дегендей болды.
- Субханаллаһ, ахи, по сунне надо. Мазхабы это же бидға... - деп енді қызу әңгімеге кіресе бергенде, үндемей тұрған Қанат:
- Қой, жарайды, жігіттер. Мен жылжиын. Үйде бір жұмыстар бар еді. Жақсы, - деп әлгілердің қолдарын тез-тез қысып, үйіне қарай бұрылып кетті. Мағжанға бейжай қарағаны болмағанда, сол арада қалып, сөз таластырар еді, бірақ Қанат «онда не шаруам бар?» - деп өзін сол амалдан қайтарды.
- Вот так вот, ахи. Так что знай, что единственный верный путь – это идти по Корану и сунне, а не за какими-то имамами... Это же таклид... Ну следование за авторитетами в слепую, так сказать... И ин ша Аллах мы будем той группой верующих, которая в отличии от семидесяти двух заблудщих групп войдет в рай, как говорил наш пророк Мухаммад (саллалаху алейхи уас-саллям) в своем сахих хадисе о семидесяти трех течениях. - деп Абдулла өз сөзін бітіргенге ұқсап, – Ну ладно, Мага, я пойду. Если что, звони, мы тут недалеко с братьями живем на квартире. К нам, обычно, шейх один приходит. Ма ша Аллаһ, много знает. Послушаешь, если что.
- Ладно, брат. Хорошо. На связи.
- Ассаламу алейкум, ахи... Баракаллаһу фикум.
- Уа алейкум ассалам... Что?
- Да это у нас все так говорят, типа «Да благословит тебя Аллах».
- А, понятно. И тебе того же.
- Ну да ладно. Давай. До связи.
- Аха. Давай, - деп Мағжан мен Абдулла құшақтасып, қош айтысып екі жаққа тарап кетті...
Сол арада Қанат үйіне де жетіп қалды. Үйінде өзінен бөлек әкесі әрі атасы тұратын. Шамамен бір жыл бұрын ата-анасы ажырасқаннан кейін, әкесі Қанатты өзіне алды. Әжесі болса Қанаттың бала кезінде дүниеден өткен еді.
Әдетте әкесі жұма намазынан Қанаттан ерте келетін. Құран тыңдау, жамағатпен тасбих тарту бидғат деп мешіттен елден бұрын шығып, жаудан қашқандай болып, адамдардың бастарынан аттап, тез жүріп кететін еді. Ол былай тұрсын, өз әкесінің намаз оқымағаны үшін кәпір атап, өзін тақуамын деп жүр, намазға жығылғанына бір-ақ жылдан болса да...
- Ассаламағалейкүм, ата! Қалыңыз қалай? Шәй іштіңіз бе? – деді Қанат үйдің ауласында отырған атасына.
- Уағалейкүміс-сәләм, балақай...Алла деп...әкең шәй тұрмақ, үйден қуатын түрі бар ғой...
Қазір атасы қайтіп сол баяғы әңгімесін бастайтынын біліп, сөзін соңына дейін жеткізбей:
- Түсінікті, ата...келіңіз, сізге ас әзірлейін, - деп Қанат атасын ас үйіне жетектеді...