Шәкәрімнің кейін табылған 3 түпнұсқа фотосуретін көргенсіз бе?
Шәкәрімнің кейін табылған 3 түпнұсқа фотосуретін көргенсіз бе?
6 жыл бұрын 4412 abai.kz
Дәулет ТІЛЕУБЕРДІ

Хакім Абайдың інісішәкіртіойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 3 фотосуреті  сақталыпбүгінгі күнге жеткен екен. Осы фотосуреттердің қилы заманнан бүгінгі ұрпаққа жету  тарихы өз алдына бір үлкен әңгіме.

Бірінші фотодан (жоғарыда) бүгінгі күнге екі дана  жеткен. Оның біреуі жазушы Сәбит Мұқановтың Алматыдағы мұражай-үйінде сақталған. Шәкәрім 1931 жылы ақпан айында жазушы Сәбит Мұқановқа арнайы хат жазған. Фото сол хатпен бірге жіберілген деген болжам бар.

Осы фотоның екінші данасын сақтап қалған Шәукен деген мылқау адам. Ол кісінің шын аты Оразғали екен. Аудандық ОПГУ-да отжағушы болып жұмыс істеп жүрген Шәукен өзі өртеп жатқан қағаздардың арасынан Шәкәрім фотасын тауып алып, соғыстан кейін Алматыдағы Мұхтар Әуезовтің үйінде Ахат Шәкәрімұлына табыстаған  деген деректер бар.

Ахат Шәкәрімұлының айтуынша бұл фотоға Шәкәрім 1905 жылдары қажылық сапарға аттанар алдында құжат үшін түскен екен.

Қолына бүркіт алып түскен Шәкәрім фотосуретін Федор Артурович Фиальструп түсірген. Фотосуреттегі адам Шәкәрім бе деген күдік көпке дейін өз шешімін таппай келген. Өйткені фотоның сыртында «Охотник с беркутом. Казахи. Семипалатинской У. 1927» деген жазу болған. 2014 жылы «Жидебай Бөрілі» қорық-мұражайының қызметкерлері Мәскеудің этнология және антропология институтының мұражайынан дәл осы фотоның екінші данасын табады. Фотосуреттің сыртына Шәкәрімнің аты жазылған екен.

Бұл суретті 2009 жылы Семейдегі мұражай қызметкері Лаура Қадырова құжаттар арасынан тауып алған. Фотосуреттің астына тайға таңба басқандай «Т.№237. Хребет Чингиз. Верховья речек. Поэт и писатель Шакарим Кудайбердин» деп жазылған екен.

Фото ұзақ жылдар бойы Семей қалалық Қазіргі заман тарихы құжатнама орталығында сақталып келген. Кейіннен белгілі болғандай 1924 жылы Н.П.Смысловский басқарған экспедиция Шыңғыстау уезіне қарасты өзендердің  бойындағы суландыру жүйесін зерттеген екен. Шәкәрім осы кезеңде жолбасшы ретінде экспедиция құрамында болған.

 

0 пікір