Қалжа деген не?
Қалжа деген не?
10 жыл бұрын 22448

Қалжа келінге арнап байланған қой. Әйел өмірінде оның мәні зор. Қазақта босанған әйелге арнап сойылған қойдың еті біткенше келінді жеке қалжалаған. «Жас босанған әйелдің тісі әлсіз болады, түсіп қалуы мүмкін» деп суық ас жегізбеген. Енелер келініне қойдың етін ұсақтап турап, жас сорпамен терлеткен. Жақсы қалжалаған келіннің сүйектері қақсамай, тістері түспей, буындары жақсы, алты күннің ішінде үй тіршілігіне араласып кеткен. Қалжаға сойылған қойдың алты буыннан тұратын мойын омыртқасын бірінші күні келіннің өзіне тісін тигізбей, қолымен мүжіткен. Еттен тазарған жұлынды тік таяқшаға кигізіп, баланың мойны қатқанша керегенің басына ілген. Бұл баланың мойны тез қатайсын деген ырым. Қазіргі келіндер бұл ырымнан хабарсыз. Түсік тастау, бір баладан ары тумай, күтімсіздік әсері. Ашқарақ тамаққа өте сұғанақ жандарды көрсе, «шешесі» қалжаға тоймаған ғой" деп әзілдескен ырым бар.

Күтімі жақсы әйел балаға жеткілікті сүт береді. Тоқ бала балпиып, тойған қозыдай көп ұйықтайды. Анасының ұйқысыда жақсарады. Халық аузымен ондайды "індіні жарыған" дейді. Індіні жарыған деген тоқмейіл, кеңпейіл, өмірде тапшылық көрмеген, сөз таластырмай, санаспай, өскенде жанындағыларды жақсылығымен тартады. Індін халық аузынан алынған. Қалжа ана құрметі, шілдехана бала құрметі.
0 пікір