Сыңсу деген қандай салт?
Сыңсу деген қандай салт?
10 жыл бұрын 10487

Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жұртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып-өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыз тетелес сіңлілері немесе жас жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсу өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарады. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа естірте өзінің мұңын, қайғы-қасіретін шағады. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет- ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. Сыңсу өлеңдері құрылысына қарай 7, 8,11 буынды болып келеді.

0 пікір