ШЕШЕНДІК ӨНЕР – ҰЛТТЫҚ АСЫЛ ҚАЗЫНА
ШЕШЕНДІК ӨНЕР – ҰЛТТЫҚ АСЫЛ ҚАЗЫНА
3 жыл бұрын 9456 zhalyn.kz/

Сонау Түркі қағанаты, Қараханид, Қыпшақ тарихынан бастау алатын қазақтың шешендік сөз дәстүрі бүгінде ерекше бағаға ие болып отырғаны анық. Асыл сөздің қасиетін терең ұғынатын бірден бір халық болса, соның бірегейі біздін халқымыз. Халық шежіренің дәлелді де баға жетпес ақиқатына айналған шешендік сөз өнері еліміздің арманды болашағынан, үмітті күндерден сыр шертеді. Әрісі Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, берісі Майқы би төрелік еткен осы тұғырдың алтын қазығы ғасырлар бойы халқымыздың жан серігіне айналды. 

Өлең сөзге жүйрік халық діл-марлықты өзінің дархан даласынан, сол даланың желпіп соққан майда қоңыр желінен үйренгені хак. Өйткені әрбір сөзінде жазира даласының бір бөлігін орайы келсе қиюластыра кетуді ұмтпаған. Табиғат халқымызды сезімнен де, ақылдан да кенде қалдырғаны рас. «Күлтөбенің басында күнде жиын» дегендей, күнде кеңес құратын «Күлтөбелер» ақындарды осы өнер мектебіне баулуда тапсырмас құрал болды. Жалпы халықтың дәстүрлі шешендік сөздері – халық даналығын, ұлылығын, тұңғиық терендігін, парасат-пайымын, рухани байлығын паш етер таптырмас,өшпес қазына. Қазақ халқы ықылым заманнан қызыл сөзді серік етіп келеді. Арабтардың көшпелі бәдәуилері сияқты кең даланы еркін қоныстаған халқымыз табиғатпен терең сырласа білген. 

Мөлтек сырға, мұңлы да нәзік сезімге елтіп, жігер мен жомарттықты жанына жалау етіп өскен елдің әр перзенті қай уақытта болмасын уәжге тоқталған. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деп аға ұрпақтың ақылына құлақ асқан. Уытты сөз ұлылыққа бастап, ұрпақты үлкен бір мәдениеттілікке тәрбиелеген. Оған дәлел ешбір халыққа бұйырмаған – асыл сөздің төрелігі. Бұл – соты болмаған, әйтсе де одан бетер ар-ұятын ту етіп көтерген дала заңынын қатал үкімі. Бір ауыз сөз көңілге әлдеқандай желеу бітірсе, бір ауыз сөз өмірге деген құштарлығынәп сәтте сөндіріп, күлге айналдыратыны тағы бар. 

Шешендік сөз – қазақтың жанымен бітісіп, қанымен қайнасып жатқан ұғым. Батырлар жыры, тарихи аңыздар, әншілік, күйшілік өнер, айтыс – жалпы қазаққатән ұлттық ерекшеліктің бәрі осы ұғыммен астасып жатыр.
Шешендік сөздер мән-мағына-сының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді. Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді. Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. 

Ш. Уәлихановтың: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған.
Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған», – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шы-ғарған әділет жоқшысы екенін танимыз. Кезінде Ахмет Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді», – деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында. 

Қазақ шешендiк өнерi — қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан сөз байлығының, сөз құнарының негiзiнде бүтiн бiр ұлттың суырыпсалмалық (импровизация) қасиетiн бойына дарытқан, күрделi тарихи, саяси-әлеуметтiк мәселелердi шешкенде белдi роль атқарған, халық кәдесiне жараған синкреттi өнер. 

Жалпы шешендiк өнердi туын-датқан, мәдени-тарихи аренаға, сах-наға алып шыққан нәрсе қоғамдық-әлеуметтiк фактор екенi даусыз. Қоғамның сұранысынан туған рухани құндылықтардың барлығы да зор әлеуметтiк мәнге ие болады. Халықтың рух категориясын түстеп тануда фольклор мен этногафияның, әдебиеттiң тағы басқа өнер салаларына қарағанда жетекшi роль атқаратындығы белгілі. 

Шешендік өнер өзге де өнер салалары сияқты ақыл – ой мен сана-cезімнің шабыттанған, шамырқаған кезінде туары даусыз. Демек адамның ойын қозғап, сезімін тебіренткен күшті, күйініш-сүйінішті шақтарда, мәселен, туған елге қатер төнген, ердің ар-намысына тиген жағдайларда ақын мен шешен тез тебіренеді,оқиғаға жұрттан бұрын үн қатады. Осындай шабыттанған шақтарда туған ой, кестелері кейінгі ұрпаққа тарих шежіресі, тәрбие көзі болып жетеді. Өйткені, ол ұлттың ертеңі үшін, мәңгілігі, мәдениеті үшін қызмет етеді. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:
Көш бастау қиын емес,
Қонатыт жерде су бар,
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын,
Шешімін адам таппас дау бар, – деген екен. 

Халық сынынан, халық шын дауынан өткен, сөз өнерімен соғылған әдеби мұра біздің ұлттық нышанымыз болуға лайық. Демек, ғасырлар бойы жинақталып,сұрыптала сүзілген шешендік сөз нұсқаларынан халықтын тіл байлығын, ақыл-ой қорын және шебер сөйлеу мәнерін үйрену – бүгінгі ұрпаққа сын. Сөздік қорымыздың небір асыл-маржандарын теріп, әдемі өрнек құрған кестелі сөздеріміз талай дәуір ұлттын ұлылығын ұлықтап бізге жетті. 

Бүгінде ананың өгей ұлындай жетімдік күйге түскен ұлы тілдің өзіндік қасиетін қайтарып беру – ұлт ұрпағының міндеті.

«Елдік, ерлік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың, – деп Мағжан айтпақшы, шешендік сөз өнерімізді бағалайық. Алтын Орда асқақтап тұрған дәуір міндетін арқалаған, ұлы өнерді мақтан етейік. Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер қолына жарасатыны сияқты ата-бабадан қалған дәстүрлі шешендік сөз мұрасын кейінгіге үзеңгілестіру-бүгінгі ұрпақтың парызы. 

Шешендік сөздер қара сөзбенде, поэзия түрінде де келе береді. Шешендік сөздердің өзіне тән тілдік – көркемдік белгілері болады, сол белгілер көпшілікке қарата айтылған сөздерді ойға түрткі, сезімге қозғау салатындай көрікті де әсерлі етеді. Халықтың шешендік дәстүрі ежелгі дәуірлерден қолданылып келе жатқан аңыз- әңгімелерден көрінеді. Аңыз — әңгімелердің негізінде келіп дамыған халық ауыз әдебетінде: тұрмыс- салт жырларында, ертегілер мен эпостық, лиро-эпостық жырларда, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда шешен сөйлеу үлгілері сақталып қалған. Шешендік сөз дегеніміз – тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып , ой түсіретін даналық сөз, қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті де, әсерлі сөз, бұра тартпас дәлелімен тамсандырып, таңдай қақтыратын білгір- білімді сөз, өтіп кеткен не өтіп ажтақн оқиғаны жанды суреттей көз алдыңа алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін терең мағыналы түйінді сөз. 

Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді. Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Ш.Уәлихановтың: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған», – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз. Кезінде Ахмет Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді», – деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында. 

Шешендік қазіргі таңда да қажет. Оның қызметін саясатта, коммерцияда және күнделікті күнде қайта бағалау мүмкін емес. Табысқа жету үшін адамның негізгі міндеттерінің бірі — бұл өзінің жағына көптеген адамдарды тарта білу. 

Айгул Ажымбаева,
Лаура Ниязгалиева,
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері,
Ақтөбе қаласы.

0 пікір