Түркі халықтарының басым бөлігі ислам дінін ұстанушы мұсылмандар екендігі баршаға мәлім. Түркілер Ислам дінін қабыл етіп қана қойған жоқ, аталмыш діннің жер жүзіне жайылуына оразан зор үлес қосты. Сондықтан болар, түріктер делінгенде бірден мұсылмандар ойға келеді. Алайда христиан дінін өз діні ретінде таңдаған түркі халықтары да жоқ емес екен. Ендеше, Ислам дінін ұстанбайтын қандай түркі халықтары бар?
Чуваш халқы
Бүгінгі таңда Чуваш халқы – христиан дінін ұстанатын түркі халықтарының арасында ең саны көбі. Бірақ аталмыш сенімді ту еткендеріне көп болмаған, олар одан бұрын пұтқа сыйнатын халық тұғын.
Ресей үкіметі XVI ғасырларда Еділ бойындағы тұрғындар арасында христиан дінін белсенді түрде насихаттай бастады. Тіпті, христиандық сенімге өткен адамдарға белгілі жеңілдіктер көрсетілетіндігін білдірген жарлық та шығарды.
Сол жарлықтың негізінде, христиан дінін қабылдаған адамдарда ғана басыбайлылыққа ие болу құқы бар еді. Мұра да тек христиан сеніміндегілерге табысталды. Сонымен қатар, өкімет жаңадан христианға өткендерге бақандай үш жыл бойы әскер қатарына алынбау жөнінде жеңілдік таныды. Әйтсе де, қанша жеңілдіктер уәде етілсе де, чуваш халықтарының көпшілігі бұрынғы сенімдерінен қайта қоймайды.
Петр I таққа отырған кезде, билік чуваш халқын христиандыққа өтуге мәжбүрледі. Соның нәтижесінде, өмірін сақтап қалу үшін көрер көзге шоқынған болып көрінгені болмаса, халық әлі де шын көңілден христиандықты қабылдай қоймайды. Тек 19 ғасырда ғана христиан діні аталмыш ұлттың арасында мықтап орнықты.
Якут халқы
Якуттарды христиан дінін қабыл етуге мәжбүрлеу қажет болмады. Себебі, бұл этнос өкілдері «ясак» төлеушілері болғандықтан, мәжбүрлік тәсілі олардың жаппай солтүстік аймаққа қоңыс аударып кетулеріне итермелеуі мүмкін еді.
Якут халқы патша билігінің христиан сенімін қабыл еткендерге жасаған жеңілдіктердің жетегінде кетіп, 18 ғасырда христиан болды. Алайда, ол кезде діннен еш хабарлары болмаған якуттар, ұзақ уақыт бойы пұтқа табынушы сенімдерін тастай алмады.
Гагауз халқы
Әлі күнге дейін Гагауз халқының Европа жерінде қалай пайда болғандығы жөнінде тарихшылар арасында талас бар. Оған қатысты әртүрлі мәліметтер орын алған. Қалай болғанда да, гагауз халқының қазіргі жерлерінде 1000 жылдан астам уақыт тұрып жатқандықтары шындық.
Гагауздықтар шамамен 10 ғасырда христиан дінін қабылдай бастады. Әйтсе де, кейбір тұрғындар ескілікті сенімдерінен бас тартпады, олар ХХ ғасырға дейін жаңбыр шақыру рәсімін орындап келді.
XV ғасырда гагауздар Осман империясының басқыншылығына ұшырағаннан кейін, жергілікті халықтың көпшілігі мұсылман дінін қабылдап, өздерін "гаджалдар" деп атады. ХІХ ғасырда гагауздар қазір тұрып жатқан Бессарабия жеріне көшеді де, гаджалдар Түркия жеріне қоңыс аударады.
Хакас халқы
Ресей териториясында тұрып жатқан өзге халықтардан айырмашылығы, хакастар жаппай христиан дінін қабылдаған жоқ. Негізінде, миссионерлік жолмен және өзге христиан ұлттарының әсер етуімен хакастар өздігінен христиандықты қабыл етіп жатты. Алайда, егер хакас ұлтынан тұтқынға түскендері болса, оларды христиан дінін мәжбүрлі түрде қабылдатты.
Кряшен халқы.
Кряшен халқы татар этносына жататын. Бұл халық шамамен XVI-XVIII ғасырларда, Еділ бойында христиандандыру саясаты жүргізілген кезеңдерде пайда болды. Дегенмен, сол кездерде, олардың арасында қайта исламға оралғандары жоқ емес етін. Өйткені, кряшен елді-мекендерінде аталмыш ұлттың бұрынғы өмірінің жарықшағы ретінде мұсылман мазараттарын кездестіруге болады. Сондай-ақ, ол жайында халық фольклорынан да байқау қиын емес. Сондықтан, олардың арасында қайта Исламға өткендері болған деген мәлімет күмән тудырмайды.