Бүркітке қатысты атаулар
Бүркітке қатысты атаулар
10 жыл бұрын 7461
Бекен Қайратұлы

1. Бүркіттің басы мен  тұмсығына қатысты атаулар:

Бақабас

Жыланбас

Кекшілбас

Торсықшеке

Тобыршықшеке

Тереңқабық

Айқабақ

Иіржақ

Жыланезу

Қайырылғанезу

Қоңқы тұмсық

Көк тұмсық

Жұқа тұмсық

Қылыш тұмсық

Иір тұмсық

Шығыр тұмсық

Қысқа тұмсық

Құзғын тұмсық

Ержақты қыран

 

2. Бүркіттің көзіне қатысты атаулар:

Жайнаған көз

Шатынаған сары көз

Шырадай жанған көз

Тоғайлы көз

Қанды көз

Шүңірек көз

Қаракөз

Қысықкөз

Құмкөз

Дүзкөз

Жадағай көз

Қандықызыл көз

Ақшегір

Алтыншегір

Жезшегір

Көкшегір

Күрең шегір

Мыс шегір

Қаншегір

 

3. Бүркіттің қанат, құйрық, қауырсынына қатысты атаулар:

Қайқы қанат

Солқылдық қанат

Қарақанат

Жеңіл қағысты қанат

Аққанат

Салқықанат

Алақанат

Сөлбеңқанат

Құлашты қанат

Абдыра қанат

Дөңгелек қанат

Қияқ қанат

Құрт қанат

Көздей құйрық

Аққұйрық

Келте құйрық

Шолаң құйрық

Тарлан құйрық

Ұзын құйрық

Ағаш құйрық

Майысқақ құйрық

Қамыс құйрық

Сауысқан құйрық

Сұңқар құйрық

Ірі құйрық

Доғал қауырсын

Қайқы құйрық

Бүкір құйрық

Бір құйрық

Кір құйрық

Күрек құйрық

Қызыл тарлан

 

4. Бүркіттің саны, аяғы, тұяғы, табанына қатысты атаулар:

Сидасан

Серке сан

Шоқпар сан

Қатты сан

Домалақ сан

Түйірсан

Долана толарсақ

Жуан сіңір

Жуан аяқ

Үкі аяқ

Күшіген аяқ

Қисық аяқ

Ақ аяқ

Сұңқар аяқ

Көк аяқ

Тоғысай аяқ

Көк болатты саусақ

Бытығыр саусақ

Болат тұяқ

Үкі тұяқ

Ұзын тұяқ

Алғыр тұяқ

Қара табан

Бүршік табан

Ақ табан

Сартабан

Ұлар аяқ

Жазық тұяқ

 

5. Бүркіттің өңі-түсі және мамығына (жүніне) қатысты атаулар:

Қара ала

Сары ала

Ақала

Ала

Қарагер

Қоңыр

Көксұр

Құласұр

Қызғылт

Жирен ақиық

Қоңырала

Қара

Шұбар

Ақ

Кесек жүнді

Жапырақ жүнді

Ала жүнді

Тура жүнді

Қияқ жүнді

Қызыл балақ

Қанды қалақ

Қызыл шуда

 

6. Бүркіттің ұлы денесіне қатысты атаулар:

Ұзын құс

Кербез құс

Жапырық құс

Төртбақ құс

Домалақ құс

Қайқы төс құс

Жатаған құс

Шомбал құс

 

7. Бүркіттің мекені мен жалпы сипатына қатысты атаулар:

Алтайдың ақиығы

Қобданың қарагері

Нарынның сарысы

Сауырдың сарысы

Ақбұршақ

Сепелек сары

Мұзбалақ

Шегірпаян

Жанбауыр шөгіл

Мартығұлы қыран

Тақыртірнек

Қара балапан

Шомбыл сары

Көк сарша

Іш жарғыш

Жарық жемсау

Саршолақ

Кершолақ

Майқара

Кербез сары

Қарағайдың қызылы

Балақ сары

Түменнің сарысы

Ақкөз қоңырала

Сукөз қоңырала

Алдамбал қоңырала

Ұзын шуда

Үзбе шуда

Күйсіз  қоңыр

Көлкөз ұршықбас

Қойкөз қызыл

Жатаған сары

Жемайырғыш

Қашаған қара

Қобданың қандыкөзі

Құртырнақ

Шырғашыл

Шұбарбалақ

Жөлер

Туырдықтай сарыала тірнек

Майда қоңыр

Май қара

 

8. Бүркіт сөзіне қатысты антонимдық атаулар:

Қанаттылар ханы

Аспан перісі

Көк тәңірісі

Құс патшасы

Дала сермендесі

Тау тағысы

Қыран

Қолбала

Түз құсы

 

9. Бүркіттің жасына қатысты атаулар:

Бірінші нұсқа

1 жас – балапан

2 жас – тірнек

3 жас – тастүлек

4 жас – ана

5 жас – қана

6 жас – жаңа

7 жас – құм түлек

8 жас – сұм түлек

9 жас – қоңыр түлек

10 жас – кәрі түлек

11 жас – ақ түлек

12 жас – ақырғы түлек

 

Екінші нұсқа

1 жас – балапан

2 жас – хан түбіт

3 жас – тірнек

4 жас – тастүлек

5 жас – мұзбалақ

6 жас – көк түбіт

7 жас – қана

8 жас – жаңа

9 жас – май түбіт

10 жас – барқын

11 жас –баршын

12 жас – шөгіл

 

Үшінші нұсқа

1 жас – бала

2 жас - қантүбіт

3 жас – тірнек

4 жас - тастүлек

5 жас – мұзбалақ

6 жас - көк түбіт (бозым)

7 жас – қана

8 жас – жаңа 

9 жас – оба (обамен үш жыл жүреді)

12 жас - қутүлек. (қутүлекпен үш жыл жүреді).

15 жас – сұмтүлек. (сұмтүлекпен бес жыл жүреді)

20 жастан асқан бүркітті  «Мола» деп атайды.

0 пікір