Асар қандай жағдайда жасалады?
Асар қандай жағдайда жасалады?
8 жыл бұрын 5779
Ақселеу СЕЙДІМБЕК, этнограф

Бір адам былай тұрсын, анау-мынау бір үйлі жанның қауқар-қарымы жетпейтін, жетсе де сіңірді созып, өкпені өшкізетін ауқымды жұмыстары болады.

Мәселен, жаңа бас құраған екі жас өздеріне бөлек үй салып алғысы келеді. Тілегі - түзу, үміті - дұрыс. Бірақ көңіл қобалжып, көз қорқып, жұмыс ауқымынан жасқаншақтай береді.

Осындайда «Әй, тәуекел!» дейді де, ауылға асар жасайтынын хабарлайды. Ол күні бір тоқты-торымын сойып, асарға келген ауыл адамдарына мол етіп тамақ дайындайды.

Көптің күші қоя ма, бір асарда кірпішін құйса, екінші асарда іргесін көтеріп, үшінші асарда жас жұбайларды жаңа үйлеріне кіргізіп кетуге әбден болады. Мұндай жақсы дәстүрлі көшпелілердің өмір-салты, мақсат-мүдде ортақтастығы қалыптастырған.

0 пікір