Әйтеке бидің мазары (Фото)
Әйтеке бидің мазары (Фото)
4 жыл бұрын 12685 azattyq.org/
Умида АХМЕДОВА

Науаи облысындағы Нұрата қаласында тұратын халық кие тұтатын орынның бірі - осындағы Әйтеке би мазары. 17-ғасырда өмір сүрген Әйтеке би "Қазақ хандығын нығайтуға үлес қосқан қайраткер, хан кеңесшісі" деп сипатталады. 

Жергілікті аңызға сәйкес іргетасын "Александр Македонский қалап, Нұр бекінісін салған" Нұратада қазақтар, тәжіктер мен өзбектер аралас тұрады. 1976 жылы қала мәртебесін алған аудан орталығындағы негізгі тарихи орынның бірі - Әйтеке бидің (1644 - 1700) мавзолей-мазары.

1. Нұратада 2007 жылы жаңаланып салынған Әйтеке би мазарына зиярат етушілер мен туристер жиі келеді.Нұратада 2007 жылы жаңаланып салынған Әйтеке би мазарына зиярат етушілер мен туристер жиі келеді.

2. Мазарға кіре беріске қойылған Құран аяттары ойылып жазылған мәрмар тас.Мазарға кіре беріске қойылған Құран аяттары ойылып жазылған мәрмар тас.

3. Әйтеке бидің бюстіӘйтеке бидің бюсті

4. Әйтеке бидің қабіріӘйтеке бидің қабірі

5. Басқа бір аңыз бойынша Әйтеке бидің Нұратада емес, Ташкенттің түбіндегі Қауыншы ауылында жерленгені айтылады.Басқа бір аңыз бойынша Әйтеке бидің Нұратада емес, Ташкенттің түбіндегі Қауыншы ауылында жерленгені айтылады.

6. Әйтеке бидің өмірбаяны жазылған кітап.Әйтеке бидің өмірбаяны жазылған кітап.

7. Сабыр аға, Нұратадағы Әйтеке би мазарының шырақшысы, этникалық тәжік.Сабыр аға, Нұратадағы Әйтеке би мазарының шырақшысы, этникалық тәжік.

8. Мазардың ішкі ауласындағы сәкі (айван)Мазардың ішкі ауласындағы сәкі (айван)

9. Әйтеке би мавзолейінің сыртқы көрінісіӘйтеке би мавзолейінің сыртқы көрінісі

10. Би мазары ескі қорым ауданында тұр, төңірегінен көптеген көне құлпытас көзге шалынады.Би мазары ескі қорым ауданында тұр, төңірегінен көптеген көне құлпытас көзге шалынады.

11. Нұратаның ежелгі бекінісінің көне дуалы деп саналатын орын.Нұратаның ежелгі бекінісінің көне дуалы деп саналатын орын.

12. Нұрата мен Әйтеке би мазарының жалпы көрінісіНұрата мен Әйтеке би мазарының жалпы көрінісі

1 пікір
  • Бабамыз Әйтеке биге Алланың нұры жаусын, рахымы болсын. Осы жұмыстың тағдырын шешкен азамат - Зауытбек Тұрысбеков болатын. Бұдан басқа оның Ресей жерінде жатқан Бөкей ханға да мазар - мавзолей тұрғызуы тарихи және саяси маңызы бар істер. Ол ең үлкен құрметке, ең биік мансабқа лайық.
    4 жыл бұрын