Бисмилләһир рахманир рахим
Бізді қызықтырар жөнінен алып қарағанда «рух» та екі түрлі мағынада қолданылады:
Біріншісі. Рух - бу сияқты жұмсақ (құпия, бізге белгісіз) бір материя. Рухты тасымалдайтын нәрсе, ол - қара қан. Рухтың мекен етер орталығы - жүректің ішіндегі кеңістік. Ол күре тамырлар арқылы дененің өзге ағзаларына жайылады. Дененің ішінде кезеді. Денедегі өмір нұрларының байланысқан жері - сол (рух). Денедегі сезу, көру, есту, иіс сезу ерекшеліктері рухтан туындайды.
Рухтың нұрының денеге жайылуының мысалы - қараңғы бөлмеге жарықтың жайылуына ұқсайды. Дененің тірілігін - қабырғада пайда болған жарыққа ұқсатсақ, Рух - жанған жарықтың өзі іспетті. Рухтың денедегі қозғалысы, оның жайылып, тарауы - жарықтың үй бөлмелерін кезіп аралауына ұқсайды.
Дәрігерлердің «рух» дегендегі айтпағы осы біздің айтқан бірінші мағынадағы рухтың дәл өзі. Ол (рух) - жұмсақ бу тәріздес. Оны жүректің ыстығы жетілдіреді.
Екіншіcі. «Рух» дегенде ойға келетін екінші мағынасы, ол - адамдың ішіндегі латыйф (құпия, жасырын) әрі саналы жаратылыс. Осы мағынадағы рух - жүректің екі жәрдемшісінің бірі болып есептеледі. Ол Алла Тағаланың мына бір аятында айтқан рух түрі:
«Сенен рух жайында сұрайды. Оларға айт: Рух - Раббымның әмірінен болып табылады...» («Исра», 17|85).
Жалпы айтқанда, Рух - таңғажайып, Ұлы Құдай Тағалаға тән жаратылыс. Оны шынайы тұрғыда ұғынуға көп адамның ақылы мен түйсігі жете бермейді.
Имам Ғазали, «Раудатут Толибин» атты кітабынан үзінді.
islamkz