Періштелердің бір міндеті - ғаламдағы жүйені реттеу
Періштелердің бір міндеті - ғаламдағы жүйені реттеу
10 күн бұрын 1113

Құранда: «Сондай-ақ (әлемдегі тәртіппенжүйені реттеуде) өзінеміндеттелген жауапкершілікті орындаушыларға серт»1, – деп айтылады.

Демек, бұдан біз «атом» деп айдар таққан ең кішкентай бөлшектен, «галактика» деген ең алып жаратылысқа дейін барлық болмыстардың іс-әрекетін үйлестіруге жауапты періштелердің бар екенін көреміз. Оларға жаратылыстың зікірлері мен амалдарын Аллаһқа жеткізу міндеттелген.

Хадистерде әрбір жаңбыр тамшысы мен қар түйіршігінің өзін жер бетіне бір періштенің алып түсетіндігі айтылады. Енді мына мәліметке көңіл бөліңіз:

жауған әрбір қар мен жаңбырдың өз өлшемі мен мөлшері болады. Жаңбырға байланысты айтылған бұл мөлшерді қазіргі заманның соңғы технологиясын пайдалана отырып зерттеу жүргізген ғалымдар былай дейді:

«Секундына 16 миллион тонна су жерден буланып ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 триллионды құрайды. Дәл осы мөлшер – бір жылда жер бетіне жауатын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады.

Яғни, су әрдайым белгілі бір тепе-теңдікте айналып тұрады. Егер тепе-теңдікте сәл өзгеріс туа қалса, әлемде

үлкен экологиялық ауытқулар белең алып, тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғады. Жаңбырдағы мұндай шебер өлшем тек оның мөлшерінде ғана емес, сонымен қатар жерге түсу жылдамдығында да байқалады.

Жаңбыр бұлттары ең аз дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де үлкендігі мен салмағы жаңбыр тамшысысындай бір зат сондай биіктіктен құласа, жерге 558 км/сағ. жылдамдықпен келіп түсер еді. Алайда,

жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған мұрсат бермейді. Жаңбыр бұлттары – қандай биіктікте болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы орташа алғанда 8-10 км/сағ-дан аспайды»2

Яғни Аллаһты рақымының белгісі ретінде, егер періштелер болмаса жауған жаңбырдың әрбір тамшысы батпандай тас болып түсер еді.

Періштелер міндеттерін орындау арқылы өздеріне тән ғибадаттарын жасап, Ұлы Жаратушының рақымына бөленеді. 

Қалмақан Сейтұлы, "Періштелерге иман".


Назиғат, 79/5
Қайрат Жолдыбайұлы, Ақиқат шуағы, Алматы, 2007, 142-143

0 пікір