Алласын жөнді танымаған, исламнан алшақ, иманы әлсіз пенделердің кейде мұсылмандарға мүсіркей қарайтыны бар. Себебі олардың пайымынша, пенде бір-ақ мәрте берілетін фәниде бәрін көріп, жалғанды жалпағынан басып, жанын қиналтпай жан рахаты үшін өмір сүруі керек. Ал мұсылмандардың мына жалған өмірдің барлық рахат-ләззатынан, керемет нығметтерінен «мақұрым» қалып, тәні қалаған затын тәрк етіп, бас тартуын мүлдем дұрыс емес деп санайды. Алайда, ақиқатында, нақ өздерінің дүниенің жылтырағына алданып жүргендіктерін, мерзімі жеткенде арқаға мойын бұрып, мұсылмандыққа өтпекке кеш болатындығын әсте сезбейді. Бұл ақиқат Аллаға иман келтіріп, ақыреттің, жәннат пен тозақтың барын мойындаған мұсылмандарға ғана аян.
Алла Тағала жәннәтты Құранда түрлі есімдерімен атайды: «Жәннәтул мәуа» (шәхиттер мен мүминдердің мекені), «Фирдаус» (барлық нәрсені қамтыған жәннат), «Дарул хулуд» (мәңгілік үйі), «Дарус-салам» (амандық, есендік мекені), «Жәннәтул адн» (тұрақты, мәңгілік жәннәты), «Дарул муқама» (мәңгілік мекен), «Әл-мақамул әмин» (сенімді мақам).[1]
Біз жәннәттың нығметтерін тек Құран мен хадистерде сипатталған мәліметтерден ғана танып біле аламыз. Жәннәттың қандай екендігін Құранда былайша сипаттайды:
«Рахман» сүресінде жәннәттың тағы басқа нығметтерін сипаттайды:
Жәннәттың кеңдігі туралы пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Жәннәтта жүз түрлі дәреже бар. Әр дәрежелердің арасы жүз жылдық жол болады». Және бір хадисінде:
Құдси хадисте Алла Тағала: «Мен салих құлдарым үшін көздері көрмеген, құлақтары естімеген, ойына алмаған, тіпті қиялдап көрмеген нығметтер дайындадым»[6].
Дүниеде мәңгі жас болып қалуды қаламайтын адам баласы жоқ шығар. Ер кісі де, әйел кісі де өзінің көрікті келбетін сақтағысы келетіні адамның жаратылысынан болса керек. Сол бір сұлу келбетті күту үшін дүниеде әсемдік салондары жұмыс жасап жатса, жәннәтқа кірген адам кәрілікпен мәңгілік қоштасады. Әли (р.а) Пайғмбарымыздың ﷺ былай деп айтқанын жеткізеді: «Жәннәтта бір базар бар. Бірақ ол базарда ешқандай сауда саттық жоқ. Онда тек ер және әйел адамдардың келбеті бар. Еркек қалаған келбетке өзгере алады»[7]. Әнәс ибн Мәликтің естіген хадисінде Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: «Жәннәттықтардың бір базары бар. Олар жұма сайын сол базарда бас қосады. Сол сәтте солтүстіктен бір самал еседі де, киімдері мен жүздерін сипаған сәтте мүсін келбеттерінің сұлулығы арта түседі. Олар әйелдерінің жанына оралғанда өте көрікті болып барады. Әйелдері:
- «Уаллаһи, сіздер бұрынғыдан да көрікті болып келіп тұрсыздар» деп таңырқап тұрса, оларға еркектері:
- «Сіздердің де сұлулықтарыңыз бұрынғыдан да артып кеткен»[8] деп жұбайларына сүйсініп тұрады. Әуелде адамзатты ең көркем түрде жаратқан Раббымыз үшін сол көркемдікті мәңгілікке қалдыру әсте қиын емес.
Осынау кереметтердің барлығы Алланың бізге Жәннатта дайындаған нығметтерінен. Алайда, мұның бірі де ондағы ең зор нығметпен әсте, теңесе алмайды. Бұл, әрине - Алланың дидарын көру нығметі. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде былай дейді:
Олай болса, Алла Тағала Өз мейірімімен біздер үшін дайындаған теңдессіз нығметі – жәннәт бақтарында қауышуымызды баршамызға нәсіп етсін!
[1] «Иман негіздері», 347-бет. Смайл Сейтбеков. Астана 2011.
[2] Құран, «Уақиға» сүресі, 15-40-аяттар.
[3] Ихсан – көркем амал. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) «Ихсан деген не?» деп сұрағанда, «Ихсан – Аллаға Оны көріп тұрғаныңдай құлшылық жасауың. Сен Алланы көрмесең де, Алла сені көреді» деп жауап берген.
[4] Құран, «Рахман» сүресі, 50-73-аяттар.
[5] Тирмизи, Жәннәт 4.
[6] Сахих Бұхари, Бәдул-халқ 8, Сахих Муслим, Жәннәт 2.
[7] Тирмизи, Жәннәт 15
[8] Муслим, Жәннәт 13
[9] Муслим, Жаннат 3
[10] Құран, «Юнус» сүресі, 26-аят