Алланың «әл-Фәттәх» есім шәрифінің мәні
Алланың «әл-Фәттәх» есім шәрифінің мәні
2 күн бұрын 464
islam.kz

Алла Тағала өзінің жәрдем-көмегімен барлық жабылғанды ашады. Өзінің һидаятымен барлық шешімі жоқ мәселелердің түйінін шешеді. Кейде өзінің пайғамбарларына патшалықтың есігін ашып, оны (патшалықты) дұшпандарының қолынан шығарады. Ол Құранда былай деген: «Біз саған ашық бір ашылуды (жеңісті) аштық». («Фәтх» сүресі 1).

Кейде әулие достарының жүректеріндегі пердені көтеріп, көк аспанының патшалығына және айбынды әсемдігіне ашылар есіктерін айқара ашып қояды. Құранда былай дейді: «Алла Тағала адамдарға мейірімділік есігін ашқан болса, оны жабушы ешкім жоқ». («Фатыр», 35). Және де ғайыбтың кілті мен ризықтың кілді қолында болған Оның «Фәттәх» атануы әбден лайықты-ақ.

Мүмін пендесі де уағыз, насихатымен шиеліністі тәңірлік тағырыптарды ашып, діни және дүниелік мәселелерде халыққа түсініксіз болып жатқан жерлерін өзінің біліктігімен тарқатып, тігісін жатқызып түсіндіргені жөн. Осылайша Алла Тағаланың «әл-Фәттәх» есімінен өз үлесін иемденген болады1.


1  Имам Ғазали: «Алланың көркем есімдерінің түсіндірмесі». Араб тілінде.

0 пікір