Адам Аллаға қарай жол жүріп келе жатқанда, оның жүрісін тежейтін төрт түрлі кедергі бар: біріншісі – нәпсі, екіншісі – шайтан, үшіншісі – құмарлық (хауа), төртіншісі – дүние.
Бұл төртеуі – Адам баласының дұшпандары. Өйткені олар адамды Алланың жолынан бұруға, өзіне тартуға, тура жолдан ауытқытуға тырысады. Ал тура жол – пендені Раббысына апаратын төте жол, ең дұрыс жол. Міне, осы төрт нәрсе адамның Аллаға бет бұруындағы көңіл тазалығын былғайды.
Ақиқатында, бұл дұшпандардың ішіндегі ең қауіптісі – нәпсі.
Дүние кейде болады, кейде болмайды; шайтан келіп-кетеді; құмарлық та бірде ұстайды, бірде басылады. Ал нәпсі болса, адамға ақыл кірген сәттен бастап, өлімге дейін бірге жүреді.
Нәпсінің айласын басқа дұшпандардан ажыратып тануға болады – ол қайта-қайта оралады, үнемі қайталап мазалайды. Сол үшін ғұламалар: «Нәпсің – ең қас дұшпаның» деген.
Шайтанның сыбыры мен нәпсінің шақыруын қалай ажыратамыз?
Ғұламалар былай дейді:
Шайтанның сыбыры тұрақты емес. Ол бір нәрсеге азғырғанда, егер адам оған мән бермей қарсы тұрса, шайтан ол ойына қайтып оралмайды. Басқа бір нәрсеге азғырып көреді. Сондықтан да, адам баласы намаз оқуға жалқаулығы ұстап, зікірге немқұрайлық танытса, не бір жағымсыз іске итермелегенді сезінсе, бірақ онысы кейін жоғалып кетсе, демек ол шайтаннан.
Алла Тағала айтқан:
«Айт: «Сыбырлап азғырып, кейін қашып кететін (хәннәс) шайтанның жамандығынан саған сыйынамын» деп, шайтанның ұшбу ерекшелігін сипаттаған.
Шайтан әлсіз. Оның зиянынан қорғану оңай, мәселен:
– азан айтылса, шайтан қашады;
– зікір – шайтанды алыстатады;
– Бақара сүресінің соңын оқу – үйді қорғайды;
– Аятул Күрси – шайтаннан қорған;
– таңертеңгі және кешкі зікірлер – адамды қорғауға алады.
Яғни, адам күнделікті өмірін Құранмен, зікірмен, намазбен, дұғамен байласа – шайтан жоламайды.
Ал нәпсі ше? Нәпсі – ең қиын қарсылас
Нәпсі тәрбиені қажет етеді.
Ол адамды намаздан суытып, күнәға итермелеп, қайта-қайта мазалай береді. Бір рет қарсы шықсаңыз, екінші рет қоя салмай қайта оралады. Бұл – «нәфсі әммара», яғни үнемі жамандыққа бұйыратын нәпсі (Құран аяты). Құран аятында қолданған «әммара» сөзі «Фаъъалә» қалыбында келген, бұл – көп істі, күшейтпелі форманы және қайталауды білдіреді (үнемі бұйырып тұрушы). Демек, ол бір рет емес, қайта-қайта, жалықпай бұйырады деген сөз.
Егеряки. мен бір нәрсені жасауға ішімнен қайта-қайта қыстайтын күшті сезінсем және оның жаман әрекет екенін, күнә немесе қателік екенін іштей біліп тұрсам – онда бұл шайтан емес, өз нәпсімнен екенін түсінуім керек. Және де менің міндетім – осы нәпсіні тәртіпке салып, тәрбиелеу.
Нәпсінің сатылары
1) Нәфсі әммара – жамандыққа бұйыратын нәпсі. Бұл – барлық нәпсілердің бастауы.
Адамдардың көпшілігінің нәпсіcі осы деңгейде болады: ол үнемі жамандыққа итермелеп тұрады.
2) Нәфсі ләууама – өзін-өзі айыптап, өкінетін нәпсі. Ал одан жоғары деңгей — «адамды кейде кінәлап, өкіндіретін нәпсі» (нәфсі ләууама). Бұл деңгейге көтерілгенде адам өзімен күреседі:
– бірде нәпсі жамандыққа бұйырады, ол оған қарсы тұрады;
– бірде әлсіздік танытып күнә жасайды, кейін өкініп, тәубе қылады.
Осы тартыс жүре береді, адам жаны өзімен арпалысады.
Бұл деңгейде адам үнемі өзімен күреседі: кейде күнә жасайды, кейін өкініп, тәубе етеді.
3) Нәфсі мүлhәмә – жақсылық пен жамандықты жүрекке илһам етіп білдіретін нәпсі. Уақыт өте келе адам «илһам берілген нәпсіге» (нәфсі мүлhәмә) жетуі мүмкін — бұл нәпсінің үшінші сатысы.
Кейбір ғұламалар нәпсіні үш түрге ғана бөледі: әммара (жамандыққа итермелейтін), ләууама (өкінетін), мүлhәмә (жақсылыққа шабыттандырылған). Ал кейбір ғалымдар мұнымен шектеліп қалмай, нәпсі бұдан да жоғары сатыларға көтерілуі тиіс дейді. Ол сатылар: разы болған нәпсі, разы етілген нәпсі, тыныштық тапқан нәпсі, толық кемел нәпсі.
Қалай дегенмен де, нәпсінің барлық жолы көпшілік үшін бір деңгейден басталады — нәфсі әммарадан, яғни жамандыққа шақыратын нәпсіден. Бірақ бұл нәпсіде өзгеруге қабілет бар:
ол (бұйырушы нәпсі) ләууама нәпсісіне, яғни, өкінетін нәпсіге айналуы мүмкін, ал ләууамадан — мүлhәмәға, яғни, жақсылық пен жамандық білдірілетін нәпсі деңгейіне көтерілуге дайын.
Қабілет бар, тек көпшілік адамдардың нәпсісы әдетте алғашқы деңгейде болады. Бірақ оның жоғары деңгейге көтерілуге толық қабілеті бар.
— Дін ғалымы профессор доктор Али Жұма, facebook.com парақшасынан. Қазақшалаған islam.kz