Оразамды рамазанның екінші күнінен бастасам, кәфәрәт өтеуім керек пе?
Оразамды рамазанның екінші күнінен бастасам, кәфәрәт өтеуім керек пе?
2 жыл бұрын 4640

Сұрайын дегенім, бір таныс қыз оразаны бүгін емес, ертеңнен бастағысы келіп жатыр. Енді оған ұстамаған бір күні үшін 60 күн кәфәрәт қазасын өтеу керек бола ма? Марфуға Шәпиян

Құрметті Марфуға, Кәфәрәт қазасын қажет етуі үшін мынадай талаптар қарастырылады:

1.Ораза ұстауы парыз болу; 
2.Абайсызда емес, әдейі, ешкімнің мәжбүрлеуінсіз оразасын бұзуы;
3.Сырқаттық сияқты зәру жағдайдың болмауы;
4.Ораза ұстауға түннен ниет етуі[1].

Енді сіздің сұрағыңызға келер болсақ, құрбыңыз ұстамаған бір күнін Рамазан айынан кейін тек қаза етіп өтейді, 60 күн кәфәрәт қазасы қажет етілмейді. Өйткені бірінші күні ораза ұстауға ниеті жоқ еді[2].  Алайда оразаны себепсіз уақытында бастамау күнә екендігін білген жөн. Рамазан айы кірісімен ауыз бекіту - әрбір балиғатқа жеткен, ақыл-есі дұрыс, мұсылман, дені-сау кісіге - парыз. 

[1] Ибн Ғабидин: әл-Һәдия – 137 бет.; Хашияту ат-Тахтауи – 667 бет.
[2] Бадаиғ – 2/624 бет.

Абдусамат Қасым