Әйел адам тарауих намазына мешітке барса бола ма?
Әйел адам тарауих намазына мешітке барса бола ма?
10 жыл бұрын 20460

Тарауих намазын оқудың сауабы жайында Алланың Елшісі: «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»[1], - деген. Мейлі әйел болсын, мейлі ер кісі болсын тарауих намазын оқыса сауапқа кенеледі.  Бірақ әйел кісінің үйінде оқыған намазы, мешітте оқыған намазынан қайырлы екендігін ескерген жөн[2]. Сондықтан әйел кісі тарауих намазын мешітте емес, үйінде оқығаны абзал.  Дегенмен, мешітке келіп оқудың да күнәсі жоқ.

[1]Сахих Муслим – 759 хадис. Имам Науаи шархы.
[2]Табарани: әл-Аусат

Абдусамат Қасым