Кір жуғыш машинаға нәжіс киім мен таза киім салынса, үкімі қалай болады?
Кір жуғыш машинаға нәжіс киім мен таза киім салынса, үкімі қалай болады?
4 жыл бұрын 8208

Әссаляму алейкум! Осы кір машинаға нәжіс киіммен таза киімді салса қалай болады? Тазара ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, көзге көрінер нәжістер жағылған киімдер мен көзге көрінбес (зәр сияқты) нәжістер көп мөлшерде жағылған киімдерді өз алдына бөлек жуып, нәжісін кетіріп, одан кейін таза киімдермен бірге кір машинасына салынғаны дұрыс. Ал, аз мөлшердегі көзге көрінбес жеңіл-желпі нәжісті киімдердің, нәжіс емес киімдермен араласып жуылудың ағаттығы болмас. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым