Мұсылман емес адам ортақтасып шалынған құрбанның үкімі қандай?
Мұсылман емес адам ортақтасып шалынған құрбанның үкімі қандай?
4 жыл бұрын 4166

 Кәпір адам ортақтасқан құрбандықтың үкімі қалай болады?

Құрметті сауал жолдаушы! Сиыр малы мен түйені жеті адамға дейін бірігіп шалуға болады. Бірақ, жетеуі де мұсылман болулары керек, әрі жетеуінің де ниеті Аллаға жақындау, сауап алу болуы тиіс. Егер де, жетеудің бірінің ниеті құр ғана ет алу болса немесе арасындағы біреуі христиан болса немесе құдайға сенбейтін, Исламды хақ деп білмес кәпір болса, онда қалғандарының да ниеттері саналмайды. Шалған сиырлары «құрбандық» ретінде есептелмейді.

Бұған қатысты «әл-Һидая» атты фиқһ кітабында былай делінген:

«Егер алтаудың ортағы (яғни, жетіншісі) христиан болса немесе (мұсылман болып, бірақ) ет алуды көздесе (ниеті ет алу болса), ешбірінікі дұрыс саналмайды»[1].


[1] Имам Мәрғинәни: «әл-Һидая» және оның шархы «әл-Биная». 12/49 бет.

Абдусамат Қасым