Маса шақса дәрет бұзыла ма? Масаның қаны жағылса дәрет бұзыла ма?
Маса шақса дәрет бұзыла ма? Масаның қаны жағылса дәрет бұзыла ма?
11 күн бұрын 1693

Маса шағып жатқанда өлтіргенде қаны жағылса дәрет бұзыла ма?

Шыбын немесе маса дененің бір жерін шағып, оның денесі қанға толса да дәрет бұзылмайды делінген кітаптарда. Сондай-ақ, шыбын немесе маса дененің бір жерін шағып, шаққан жерінен қан көрінсе де дәрет бұзылмайды («әл-Мұхыйтуль Бұрһани»). (Бірақ сона шағып, шаққан жерінен қан шығып ағып жайылса, дәрет бұзылады). 

Маса шағып жатқанда өлтірсе, қаны жағылса, дәрет бұзыла ма? 

Маса, шыбын, бүрге, кішкене кене (тас кене) сияқты бойында аққан қаны жоқ жәндіктердің қаны денеге жағылса дәрет бұзылмайды және намазға кедергісі жоқ. Ал үлкен кенелердің қаны жағылса, жағылған қанның көлеміне қарай үкімі өзгереді: егер алақан ойығындай көлемде болса намазға зияны бар, ал егер одан аз болса, намазға зияны жоқ. (Имам Мұхаммед, «әл-Асл»).

Абдусамат Қасым