Жұлдызнамаға сенуге бола ма?
Жұлдызнамаға сенуге бола ма?
10 жыл бұрын 10482

Ассалаумағалейкум! Радио, теледидар, газет-журналдарда күн сайын жұлдызжорамал беріліп жатады. Сол жорамалдарға қарап, күнделікті тіршілігімізді ыңғайлауға бола ма?  Аманжол.

Уағалейкүмассалам! Аманжол, Ислам діні келмей тұрып арабтар соғысу, жолға шығу, үйлену, саудамен айналысу сияқты қандай да бір іске бел бумас бұрын, алда не күтіп тұр екен деп оқтармен, яки тастармен бал ашатын. Оны "әзләәм" дейді[1]. Оқтардың немесе тастардың кейбіріне «Құдай оңдайды» деп, ал кейбіріне «Құдай құптамайды» деген сөз жазылады. Сол оқтарды араластырып, арасынан біреуін суырғанда қандай жазу шықса, соған қарай шешім қабылдайтын болған[2]. Ислам діні келгеннен кейін: «..Оқпен бал ашуға болмайды. Ол – күнә[3]», - деп, аталмыш әрекетті «үлкен күнә» ретінде санап, одан тыйды. Сіз айтып отырған "жұлдызнама" да соның бір түрі. Ондағы айтылғанға сеніп, соған қарай күнделікті тіршілігін реттеу аяттағы айтылған үкімнің аясына кіретіндіктен дұрыс емес[4].

[1] Арапшадағы «зәләм – түгсіз оқ» сөзінің көпше түрі.
[2] Табари тафсірі – 8/72-77 бет.  Каир – Египет.
[3] Маида сүресі – 3 аят.
[4] Әл Маусуғатуль Фиқһия – 35/172 бет. Кувейт.

Абдусамат Қасым