Киімге тиген нәжістің қай уақытта тигені белгісіз болса, намаздарын не істейді?
Киімге тиген нәжістің қай уақытта тигені белгісіз болса, намаздарын не істейді?
3 жыл бұрын 580

Кейде киіміңе нәжіс тиіп, оны кейін ғана байқап жатасың. Ал ол уақытқа дейін сол киіммен қанша намаз оқып қойғаның белгісіз. Бұл жағдайда не істеу керек? Нәжіс жағылған киіммен оқып келген намаздарым сонда қаза болғаны ма? Олай болса, қаншасы қаза болғанын да білмейміз? Қалай істеу керек екен?

Ботагөз.

Ботагөз ханым, бұл мәселе Имам Әбу Юсуф және Имам Мұхаммедтің (р.а.) тұжырымы бойынша былай делінген:  «Нәжістің киімге қай уақытта жұққаны белгісіз болса, киімнің таза емес екенін нәжісті байқаған сәттен бастап есепке аламыз.  Сондықтан да, адам киімінің нәжіс болғанын білмей жүрген уақыттарындағы намаздардың қазасын өтемейді.[1]».  Осы тұжырымға сүйенсек, сіз де сол киіммен оқыған намаздарыңызды қайта қаза етіп оқымайсыз. Ал киіміңіздің нәжіс екенін білген соң, киіміңізді тазаламайынша онымен келесі намаздарды оқуыңызға болмайды.


[1] Әл Кәсәни, Бадаиғ – 1/424, 425 бет.

Абдусамат Қасым