Шариғат шәлісін жамылған спортшы әйел әлем чемпионатының тарихына енді
Шариғат шәлісін жамылған спортшы әйел әлем чемпионатының тарихына енді
9 ай бұрын 1534 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шариғат шәлісін жамылған марокаллық мұсылман әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан тұңғыш спортшы. Нухайла Бензина есімді спортшы Марокканың ұлттық құрамысында Германияның футбол командасына қарсы таяуда жасыл алаңда ойын өрнегін көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Al Jazeera арнасына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мароккалықтар бұл дүбірлі додада немістерден жеңілгенімен артынша колумбиялықтардан мерейі асып, жеңіске жетті. Сөз орайы келгенде 2007 жылы ФИФА тарапынан шариғат шәлісін жамылған әйелдерге жасыл алаңда ойын өрнегін көрсетуге тыйым салғанын айта кету керек. Алайда, аталмыш тыйым араға жеті жыл салып барып өз күшін жойды. Осыған қарамастан Франция шариғат шәлісін жамылған әйелдердің жасыл алаңда ойын өрнегін көрсетуге наразылық білдіріп келеді.

0 пікір
Мұрағат