Рио Олимпиадасы: 19 тамызға арналған кесте
Рио Олимпиадасы: 19 тамызға арналған кесте
8 жыл бұрын 2728 Baq.kz

Бүгін Рио Олимпиадасында ел намысын қорғап жүрген спортшыларымыздың тілеуін тілеп, тақымын қысып отырған жанкүйерлеріміз бірден бірнеше тартысты сайыстың куәсі болмақ. Ең ауыр салмақта сынға түсетін боксшы Иван Дычко (91 кг жоғары) жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді. Қыздар арасында Дариға Шәкімова (75 кг дейін) финалға шығу үшін бақ сынайды. Бұған қоса еркін күрес балуандары да жарыс жолына шығады. Назарларыңызға төрт жылдықтың басты додасында өнер көрсететін қазақстандықтардың тізімін ұсынамыз. 

Байдаркада және каноэда есу. Спринт. Ерлер. 200 метр. Іріктеу кезеңі – Алексей Дергунов

Уақыты – 18.00

Таеквондо.  67 келіге дейінгі салмақтағы әйелдер. 1\8 финал – Жансель Дениз

Уақыты – 18.00. Дениз жарыс жолына 21.30-да шығады.

Байдаркада және каноэда есу. Спринт. Әйелдер. 500 метро. Іріктеу кезеңі –

Зоя Ананченко, Ирина Подойникова, Наталья Сергеева, Инна Клинова

Уақыты – 18.37

Байдаркада және каноэда есу. Спринт. Ерлер. 1000 метр. Іріктеу кезеңі – Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Андрей Ергучев, Александр Емельянов

Уақыты – 18.51

Еркін күрес. 74 келіге дейінгі ерлер арасында. Іріктеу – Ғалымжан Өсербаев

Уақыты – 19.16. Тікелей эфир (KazSport)

Еркін күрес. 57 келіге дейінгі ерлер арасында. 1\8 финал – Нұрислам Санаев

Уақыты – 19:16  Тікелей эфир (KazSport)

Көркем гимнастика. Жекелей көпсайыс. Іріктеу – Сабина Әшірбаева

Уақыты – 21.00.  Тікелей эфир сағат  23.45 бастап (KazSport)

Заманауи бессайыс. Әйелдер. Жүзу –  Елена Потапенко

Уақыты – 21.00

Жеңіл атлетика. Әйелдер. Спорттық жүріс (20 шақырым) – Полина Репина, Флорида Миниянова, Диана Айдосова

Уақыты – 23.30

Бокс. 91 келіден жоғары салмақта сынға түсетін ерлер. Жартылай финал – Иван Дычко

Уақыты – 00.15. Тікелей эфир («Хабар»)+

Бокс. 75 келіге дейінгі салмақтағы әйелдер. Жартылай финал – Дариға Шәкімова

Уақыты – 00.30. Тікелей («Хабар»)

0 пікір
Мұрағат