Қазақ қызы алғаш рет күрестен Олимпиада жүлдегері атанды
Қазақ қызы алғаш рет күрестен Олимпиада жүлдегері атанды
8 жыл бұрын 3299 Бек ТӨЛЕУОВ

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер күресінен 69 келідегі Эльмира Сыздықова Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Эльмира алғашқы белдесуінде ресейлік Натальей Воробьевадан 1:4 есебімен жеңіліп қалған болатын. Бірақ орыс қызы финалға шығып, жерлесіміз жұбаныш белдесуге мүмкіндік алды. Өзіне берілген мүмкіндікті жерлесіміз тиімді пайдаланды. Моңғолиялық Насанбурмо Очирбатты ұтқан соң, қола жүлде үшін тартыста мысырлық Энас Мұстафа Юсеф Ахмедтің мысын басты.

Осылайша, қазақ қыздарының арасынан күрестен Олимпиада ойындарының жүлдесіне іліккен тұңғыш спортшы атанды.

Айта кетейік, осының алдында бокстан 69 келідегі Данияр Елеусінов алтын медаль еншілеген еді. Қазақстан 12 медальмен жалпы командалық есепте 17-ші орында келеді.

0 пікір
Мұрағат