Пхёнчхан 2018. Ақ Олимпиада өтетін қала жайлы не білеміз?
Пхёнчхан 2018. Ақ Олимпиада өтетін қала жайлы не білеміз?
6 жыл бұрын 4307 bag.kz Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Оңтүстік Корея Олимпиада ойындарын өткізу үшін бұған дейін екі рет өз кандидатураларын ұсынған. Алғаш рет 2010 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге ұсыныс тастаған-ды. 2010 жылы Ванкувер, 2014 жылы Сочи қаласы жеңіп алған болатын. Енді биыл кәрістер 2018 жылдың ең маңызды шараларының бірін өткізбек. 

Оңтүстік Кореяда инфроқұрылысы дамыған, ұлттық колоритті спорт нысандары жетерлік.

Енді санаулы күннен кейін Олимпиада алауы жанатын елмен жақынырақ танысайық.

Пхёнчхан

Пхёнчхан – Оңтүстік Кореядағы ең ірі уездердің бірі. Ол елдің солтүстік-шығысындағы Канвондо провинциясының орталығында орналасқан.

uddtrip.com

Уез Пхёнчхан қаласымен қоса тағы жеті бөліктен тұрады: Митхан-мён, Панним-мён, Тэхва-мён, Понпхён-мён, Ёнпхён-мён, Чинбу-мён және Тэгваллён-мён.

Пхёнчханға Сеулден бірнеше бағыт бойынша жетуге болады. Автокөлікпен 2,5 сағатта, ал қоғамдық көлікпен 4 сағатта жете аласыз. Арақашықтығы шамамен 200 шақырым.

Бір қызығы, уездердің көп бөлігі теңіз деңгейінен 700 метрде орналасқан және бұл биіктік адам денсаулығы үшін өте қолайлы деп есептеледі.

Ауа райы

Пхёнчханда континенттік ауа райы. Қыста орташа ауа көрсеткіші +10,3°C, ал жазда — +24°C. Осындай көрсеткіштерге қарамастан, Пхёнчхан Оңтүстік Кореядағы ең салқын қала деп есептеледі.

Пхёнчханда болған туристер де күндізгі ауа райының түнгіден айырмашылығы көп екенін айтады.

Халқы

Пхёнчхан уез бойынша үшінші болғанымен, жергілікті тұрғындар саны тек шамамен 44 мың адамды ғана құрайды.

27r.ru

Қала тұрғындары Оңтүстік Корей елінің барлық халқы сияқты түрлі дін жолын ұстанады: буддизм, христиан, конфуцийшілдік және бақсылық.

Уақыт айырмашылығы

Астанамен уақыт айырмашылығы +3 сағат.

Мерекелері

Пхёнчхан қаласы әр ай сайын өткізетін түрлі фестивальдерімен де танымал. Фестивальдердің тақырыптары әр алуан, мысалы, қар, картоп фестивалі, тау гүлдері фестивалі, ұлттық және буддизмдік мәдениет фестивальдері.

Қыс мезгілінде аймақта түрлі ерекше жарыстар ұйымдастырылады: қар үстіндегі автожарыс немесе мұз басқан құздарға көтерілу.

Пхёнчханның көрікті жерлері

Қаланың ең көрікті жерлерінің бірі – тау шаңғы курорты. Аймақта «Альпензия» шаңғы кешені, биатлон кешені, «Йонпхён» тау шаңғы орталығы, «Чунбон» стадионы, трамплиннен секіруге арналған орталықтар бар.

Пхёнчхан өзінің ерекше табиғатымен де танымал: Кымдан шатқалы, Мэчжи Пхокпхо сарқырамасы мен тарихи ескерткіштер орналасқан Одэсан ұлттық паркі.

dw.com

Одэсен паркінің басты орталығы 643 жылы салынған Вольджонс будда ғибадатханасы.

Пхёнчхан — көп туристерге ұнайтын қызықты әрі заманауи қала. Біз де Қазақстанның намысын қорғайтын спортшыларымыз үшін сәтті қала болады деп сенеміз.

Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. 9 ақпанда ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі болады. Қазақстандық спортшылар тоғыз спорт түрінен қатысады.

Ақпарат көздері life.ru, tonkosti.ru 

0 пікір
Мұрағат