Олимпиада-2019: кімдер қатысады?
Олимпиада-2019: кімдер қатысады?
7 жыл бұрын 3260

2019 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде, дәлірегі, Әбу-Даби қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Аталған аламанға ақыл-есі кем жандар қатысады. Айта кетейік, мұндай олимпиада Таяу Шығыста алғаш рет өткізілейін деп тұр. Бұл дүбірлі додада әлемнің 170-тен аса елінен 7 мыңға жуық адам бақ сынайды. "БАӘ билігі интеллектуалдық деңгейі шектеулі адамдардың жақындасуы үшін белсенділікті талап ететін іс-шараларды қолға алады. Мұндай адамдар білім алып, жұмыс істеп, толыққанды өмір сүре алады",- деді Special Olympics ұйымының президенті Тимоти Шрайвер. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған олимпиада 2019 жылдың наурыз айының 14-і мен 21-і аралығында өтеді. Естеріңізге сала кетсек, мұндай олимпиада Лос-Анджелес мегаполисінде өткен еді. 

0 пікір
Мұрағат