"Зекет" қоры ауызашар дастарқанын жайды
"Зекет" қоры ауызашар дастарқанын жайды
7 жыл бұрын 4676

Ассаляму алейкум, ардақты жамағат!

Рамазан мүбәрәк болсын.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

"Кімде-кім, ораза ұстаған бір мұсылманның аузын аштырса (ауызашар берсе), ораза ұстаушының сауабындай сауабқа ие болады. Әрі оразашының ешбір сауабы кемімейді" деген.(Тирмизи, Саум 82; Ибн Мaжә, Сиям 40 / )

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннетіне амал етіп, қорпоративтік "Зекет" қорының Астана қаласы өкілдігі Қасиетті Рамазан айының алғашқы ауызашарын елордамыздағы қарттар үйіндегі ата-әжелерге берді.

Ауызашарға 100-ден аса адам қатысты. Оның ішінде 30 адам ауыр сырқаттарының себебінен дастарқан басына келе алмады. Ол кісілерге ауыз ашарға әзірленген ас бөлмелеріне апарып берілді.
Қалған жұртшылық ақ дастарқан басына жиналды. Ауызашарға Нұр-Астана мешітінің имамы Руслан мырза қатысып, жиналған қауымға Рамазан оразасының қадір-қасиеті мен маңыздылығы жайлы уағыз айтты.

 

Құран Кәрім түсірілген бұл Қасиетті Айда жақсылық жасап, игі істерге асыққан әр бір ізгі ниетті жанға Алла Тағала рақым нұрын төксін, мол сауаптан жазып, зекет-садақаларын қабыл етсін.

Алдағы уақытта "Зекет" қорының өткізетін қайырымдылық шараларына ат салысып, демеушілік көрсетемін деген қауым үшін есігіміз қашан да ашық!

Барлық сұрақтарыңызды 8 775 622 5170 телефоны арқылы немесе жеке хабарлама жіберу арқылы қойсаңыз болады.

Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Абай даңғылы, 3\2.

"Зекет" қорының
Астана өкілдігі.
Баспасөз қызметі.

 

 
 
0 пікір
Мұрағат