Ұлттық компаниялардың акциялары қарапайым халыққа сатылатын болды
Ұлттық компаниялардың акциялары қарапайым халыққа сатылатын болды
8 жыл бұрын 2843 stan.kz

Еліміздегі ең ірі ұлттық компаниялардың акциялары қарапайым  халыққа сатылатын болды. Үкімет жыл соңына дейін «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Эйр Астана», «Қазақтелеком» мен «Қазпошта», «Қазатомпромды»  IPO-ға шығармақшы, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Яғни, кез-келген азамат мұнай, әуе, байланыс секілді алпауыт  компанияларының акционері атана алады. Ол үшін аукцион арқылы мемлекеттік мекемелердің құнды қағазын сатып алуы тиіс. Әзірге әр акцияның нақты құны белгісіз.

Бірінші кезекте «Эйр Астана» мен «Қазатомпром»  саудаға түспек. Жалпы, бүгінге дейін республика бойынша 86 миллиард теңгеге 315 нысан сатылыпты. Бірақ, өтпей жатқан компаниялар да бар. Әсіресе, Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан облысындағы нысандарға сұраныс төмен. Олар: спорт клубтары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметі мен аудандық газеттер, тілдерді оқыту орталықтары.

Тіпті тізімнен «Қайрат» футбол клубы да шығып қалған. Қаржы министрінің айтуынша, бизнесмендер бұл нынсандарға мүлдем қызықпаған. Сондықтан сұраныс жоқ нысандар 2018-2020 жылдарға қалдырып отыр. Оның үсітне  мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтер жекешелендірілетін нысандарға қатысты әлі күнге дейін жүйелі жоспар құра алмай отыр екен.

-“Мәселен, «Бәйтерек» сатылатын компаниялардың тізімін қайта-қайта өзгертеді. Тоқтатыңыздар! Бастапқыдағы бекітілген жоспар бойныша жұмыс істеу керек. Қолдарыңнан келмесе, мемлекеттік органдарға ысыра саласыздар. Біз керісінше, компанияларды сатыңдар, немесе таратыңдар деп отырмыз ғой. 1 желтоқсанға дейін әрбір ірі компанияны сатудың жол картасын әзірлеңіздер”, – деді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

0 пікір
Мұрағат