Темекінің акциз салығын екі есе өсіруге ұсыныс білдірді
Темекінің акциз салығын екі есе өсіруге ұсыныс білдірді
10 жыл бұрын 4948

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сарапшылары еліміздегі шылым өнімдеріне салынатын акциз салығын алпыс теңгеге дейін өсіретін болса, 183 мың адам жат әдеттен арылып, жастардың 20 пайызы темекі тартуын қояр еді деп отыр. Сондай-ақ, мемлекеттің қазынасына жылына  кем дегенде 49 млрд теңге пайда түсіп, бюджеттің бүйірі томпаятынын да алға тартып отыр. Бұл жайында «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» деп аталатын ұлттық коалицияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұдан Қазақстанның саяси имиджі де сөзсіз жақсарар еді. Акциз салығын өсіру арқылы ДДҰ алдындағы темекі тартуға қарсы 2006 жылы мақұлданған халықаралық міндеттемесін орындаған болады»,- деді коалиция өкілдері.

Қазіргі уақытта еліміздегі акциз салығы (бір қорап шылымға) 30 теңгегі құрайды. Бір қорап шылымның орташа бағасы – 250 теңге. 

«Мемлекеттік бюджетке түскен салық мөлшері 30 млрд теңгені құрады өткен жылы. Қазақстанда темекі өнімдеріне салынатын акциздік салықтың мөлшері өте төмен. Еуропадағымен салыстырғанда 12 есе кем»,- деді ашына тіл қатқан аталмыш каолиция өкілдері. Олардың айтуынша, жат әдетпен күресуде акциздік салықты өсіру ең тиімді жол. Сондай-ақ, олар бағасы арзан болғасын темекіге балалар мен жастардың үйір келетінін, сөндірілмеген шылымның кесірінен өрттің жиі шығатынын, ең сорақысы, ісік ауруларын, жүрек-қан тамырлары ауруларын және темекі тартудан болатын өзге де сырқат түрлерін емдеуге жылына 76 млрд доллар кететінін жайып салды.

0 пікір
Мұрағат