Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай сувенирлік 10 мың теңгелік банкнот шығарылады
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай сувенирлік 10 мың теңгелік банкнот шығарылады
7 жыл бұрын 2940 qamshy.kz

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Ұлттық банкінің «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» атты конференциясы өтіп жатыр. Іс-шара барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Елбасы бейнеленген 10 мыңдық сувенирлік банкнот пен монеталарды таныстырды. Жаңа банкноттар осы жылдың 1 желтоқсанында шығарылады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Ұлттық банк Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа 10 000 теңгелік банкнотты таныстырды. Жаңа банкнот бірегей технологиямен жасалған. Онда өмір ағашы, сақтар дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тарихты жинақтау белгісі ретінде жасалған қорғаныш элементтері бейнеленген. Сондай-ақ, жаңа теңгеде бейметалдық галаграмма, символдық бейнелер арқылы көрсетілген Астананың панорамалық бейнесіндегі қорғаныш элементтері, факсимелье оюланған сурет көрсетілген. Ал жаңа 5 мың теңгелік монета брус сапасымен дайындалған 925 сынама күмістен жасалған бірегей монета. Жаңа монета Мәңгілік ел идеясының құндылықтарын сипаттайды. Монетаның бет жағында Қазақ елі монументінің суреті бейнеленген. Сонымен қатар, монетада қазіргі Қазақстанның картасы аясында әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері бейнеленген. 5 мың теңгелік монета алтындалған күншығыс бейнесімен әшекейленген. Оның салмағы 777, 5 грам. Данияр Ақышев жаңа монетаның қашан шығарылатынын атап өтті. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық сувенирлік банкнот және 5 теңгелік монета шектелген тиражбен 2016 жылдың 1 желтоқсанынан қолданысқа шығарылады», - деді төраға. Айта кетейік, бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Ұлттық банкінің «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» атты конференция өтуде. Маңызды жиынға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысып жатыр.

 

0 пікір
Мұрағат