Тасмағанбетов «2016 жылы Қазақстанға 11 мың оралман отбасы келгенін» сүйіншіледі
Тасмағанбетов «2016 жылы Қазақстанға 11 мың оралман отбасы келгенін» сүйіншіледі
7 жыл бұрын 2699 qamshy.kz

Биыл Қазақстанға 11 мың оралман отбасы келді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Бұл туралы «Азаматтық қоғам дамуының жағдайы және перспективалары» тақырыбында өткен форумның пленарлық отырысында Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов сүйіншіледі. «Сіздердің назарларыңызды тағы бір өзекті бағыт – Қазақстанға келген отандастарымызды әлеуметтік бейімдеу мәселесіне аударғым келеді. Мұнда да мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар өз әлеуетін дұрыс қолдана алмай отыр. Биыл елімізге 11 мың отбасы көшіп келді. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Отандастарымыз құжаттарды рәсімдеу, білім алу, әлеуметтік бейімделу тұрғысында көмекке зәру болып отыр. Дәл осы мәселеде ҮЕҰ-ның рөлі ерекше маңызды деп білемін. Өйткені, оралмандарды жаңа қоғамға әкімшілік механизмдерді қолдана отырып бейімдеуге болмайды. Мұны тек оларды бірте-бірте қоғамдық құрылымдарға тарту арқылы жүзеге асыруға болады», - деді вице-премьер.

0 пікір
Мұрағат