Тұтас бір "облыс" айналымнан қағаз ақшаны алып тастады
Тұтас бір "облыс" айналымнан қағаз ақшаны алып тастады
7 жыл бұрын 2562 qamshy.kz

Үндістанның туристік штаты Гоа қолма-қол ақша қабылданбайтын алғашқы Үндістан штаты болмақ. 31 желтоқсаннан бастап, мұндағы барлық төлем ұялы телефон немесе банк картасы арқылы ғана жүзеге асады. Бұл туралы штаттың бас хатшысы Раджеш Кумар Шривастава мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Барлық транзакцияны ұялы телефон арқылы жүзеге асыруға болады немесе сатып алушыға тиесілі банк есепшотынан ақша алынып отырады», - деді Шривастава жексенбілік The Times of India газетіне берген сұхбатында. Ол бір айдан кейін Гоада әмиян ұстаудың қажеті болмайтынына және ұры-қарылардың мүлдем жоғаларына сенімді. 31 желтоқсаннан бастап, штат аумағында кез келген тауарға, тіпті балық пен ет, көкөніс алу үшін де ұялы телефоннан арнайы кодты теру керек. Осы орайда Шривастава банкоматтардың әдеттегідей жұмыс істеуді жалғастыратынын атап өтті, ал дүкендер мен қонақ үйлерде несиелік картамен төлем жасауға болады. Штат аумағында банкоматпен төлем жасауға тыйым салынбайды, дегенмен Гоа біртіндеп «ақшасыз қоғамға» айналуды көздеп отыр. Гоа - кішігірім 1,5 миллион халқы бар аймақ. Алайда мұндағы тұрғындардың жағдайы өте жақсы - көпшілігінің банк есепшоттары мен ұялы телефондары бар. Одан бөлек, «жұмақ штат» аумағына көптеп келетін шетелдік туристер де несиелік картаны пайдаланады. Қоса кетер болсақ, экономистер алдағы уақытта әлемдегі оффшорлық айналымды тоқтату үшін бүкіл әлем «ақшасыз қоғамға» айналуы тиіс деп санайды. Болжам бойынша бұл алдағы 20 жылда жүзеге асуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат