Соңғы 10 жылда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі 64 жастан 73 жасқа дейін ұлғайды
Соңғы 10 жылда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі 64 жастан 73 жасқа дейін ұлғайды
8 жыл бұрын 2468 inform.kz К.Тоқтамұратқызы

Соңғы 10 жылда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі 64 жастан 73 жасқа дейін ұлғайған. Бұл -  тәуелсіздік жылдарындағы атқарған жұмысымыздың басты нәтижесі. Астана экономикалық форумында пленарлық отырысқа қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Тәуелсіздік жылдарында 1400 мектеп, 1300 денсаулық сақтау нысаны салынып, әлеуметтік салаға кететін шығын 6 пайыздан 10 пайызға көбейді. Бәлкім, бұл мәлімет сіздер үшін маңызды емес шығар, бірақ, мен бұны кеңес заманында денсаулық сақтау мен білім беру саласы мұндай нәтиже көрсете алмаған соң, айтып тұрмын», - деді Елбасы.

«Соңғы 10 жылда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі 64 жастан 73 жасқа дейін ұлғайды. Бұл - тәуелсіздік жылдарындағы біздің жұмысымыздың басты нәтижесі», - деді Президент.

0 пікір
Мұрағат