Ресей азаматтығын алған 531 адам Қазақстан азаматтығынан айырылды
Ресей азаматтығын алған 531 адам Қазақстан азаматтығынан айырылды
7 жыл бұрын 3495 qamshy.kz

Жылдың басынан СҚО ДВД миграционды полиция басқармасында 531 адам екі елдің азаматтығымен жүргені анықталды. Аталмыш азаматтар Ресей Федерациясының азаматтығын алғаннан соң, Қазақстан Республикасының азаматтығын дәлелдейтін төлқұжат пен жеке куәліктерін өткізбеген. Бұл жайында СҚО-ның ДВД баспа қызметінің басшысы Мадина Балгашукова мәлімдеді деп хабарлайды liter.kz. Екі ел азаматтығымен жүрген адамдардың айласы ашылып қалған соң, СҚО тұрғындарының Ресей Федерациясының азаматтығын алған күнін анықтап, миграционды полицей қзметкерлері тіркеп қойған. Ресей азаматы атанып алып Қазақстан азаматтығын пайдаланып жүргендерге қатысты ҚР Кодексінің 496 бабы бойынша 80 адам жауапқа тартылды. Белгілі бір жәрдемақы алу мақсатында Қазақстан азаматтығын қолданбаған 451 адамды әкімшілік жауапқа тартпай, құжаттарын алып қоюмен шектелген. Сонымен қатар, мұндай заң бұзушылыққа төленетін айыппұл көлемі 100МРП, солтүстіктің тұрғындары үшін бұл сомма ең төменгі жалақымен бірдей. Мадина Балгашукованың айтуынша, екі ел азаматтығымен жүрген адамдардың арасында түрлі ұйымдар мен мекемелердің басшылары, сонымен қатар бір мемлекет қызметкері бар екен. Ол қызметінен қуылып, 300МРП көлемінде айыппұл төлеген.

0 пікір
Мұрағат