(«Восток-Агрохолдинг» ЖШС, ШҚО, 2017 жылы пайдалануға беріледі, болжамды құны — 3,5 млн доллар.) Алғашқы жоба екі кезең бойынша іске асады. Жобаның алғашқы сатысы — ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, екіншісі — күнбағыс майын жасау мен сақтау.

Қазір бірінші кезең бойынша құрылыс жұмыстары инвесторлардың есебінен іске асып жатыр. Алғаш болып «Жуй Юан Фин» корпорациясымен май зауытына қажетті құрал-жабдықтарды тасымалдау жөнінде келісім жасалды. Жыл басында «Жуй Юан Фин» корпорациясы Өскеменге келіп,  кәсіпорынның қандай аумақта орналасқанын, жоба қалай жүріп жатқанын көріп кеткен. 2016 жылғы қаңтардың соңында «Восток-Агрохолдинг» ЖШС ҚХР-ға серіктес компанияның өкілдерімен кездесуге барып келген. Аталған жобаны ШҚО-ның координациялық кеңесі қарап, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау картасына қосып қойған.

2. Астықты толықтай өңдейтін зауыт құрылысы 

«Жаннұр Астана» ЖШС, пайдалануға 2018 жылы беріледі, жоба құны шамамен 110 млн доллар. Құрылыс жүргізу жөнінде Қытаймен келіссөз жасалған, техникалық-экономикалық негіздемелер жасалып, жалпы ауданы 50 гектар болатын жер телімі бөлінген. Құрылыс 2016 жылдың қыркүйегінде басталған.

916202b09b78e51be6d869c201396ece3. Майлы дақылдарды өңдеу

«Тотал Импекс» ЖШС — Тойшына май, СҚО, пайдалануға 2017 жылы беріледі, жобаның болжалды құны — 55,8 млн доллар. Жобаға қатысты құжаттар мен керек сомма нақты көрсетілген, жоспар бекітіліп, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр: кәсіпорын фундаменті құйылған, әрлеу және электр тоғын жүргізіліп жатыр.

4. Қой шаруашылығы кластерін жасау, қосымша ет комбинатын салу, қоректендіру алаңын және былғары мен тері комбинатын құру.

«Eurasia Agro Holding» ЖШС, ШҚО, пайдалануға 2017 жылы беріледі, жоба құны — 26,7 млн доллар. RIFA Holding-пен шарт жасалды. Бірлескен кәсіпорын ашу жөнінде акционерлік келісімге келді. Қажетті құжаттарды жасап, кәсіпорын құру жұмыстарымен айналысатын заң фирмалары анықталып қойды.   

5. Жаңа мұздатылған балық пен балық өнімдерін жасайтын кәсіпорын

«Кузьмич» ЖШС, ШҚО, пайдалануға 2008 жылы беріледі, жоба құны — 0,5 млн доллар. 2016 жылдың қаңтарында ҚХР-ға алғашқы партия — 20 тонна балық ары қарай өңдеуге жіберілген. Қытайдан балық өнімдерін жасауға қажет құралдарды әкелінетін туралы келісім жасалған. 

Ал құрастырушы кәсіпорындар санатында жалпы соммасы 302,8 млн долларды құрайтын 8 жоба бар.

1. Соя бұршақтарын өндіретін заманауи кәсіпорын кешенінің құрылысы

«Assar Group» ЖШС, Алматы облысы, Талдықорған қаласа, пайдалануға 2018 жылы беріледі, жобаның жалпы құны — 44 млн доллар. Серіктестік жөніндегі меморандумға қойылған. Қытай тарапы қажетті технология мен құралдар түрінде 28 млн доллар инвестиция құйды. Қазақстан қарыз және өнідірстік база түрінде 16 млнн доллар бөлді. 

2. Қызанақ өсіру және томат пастасын өндіру

«ҚызылАгроПлюс» ЖШС, Қызылорда облысы, іске 2008 жылы қосылады, жобаның болжалды құны – 32,6 млн доллар. Қытай тарапымен бірлесіп, Қызылорда облысында қызанақтың 11 түрі отырғызылған. Біршама уақыт бұрын өнім жиналып алынды да, қазір бизнес-жоспарды жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр. Қытайлық COFCO компаниясының бірлескен кәсіпорынды салу-салмау жөніндегі шешімі желтоқсанда белгілі болады. Қызанақ зауыты 2017 жылы салынып, 2018 жылы пайдалануға беріледі.

3. Зығыр және агроөнеркәсіп дақылдарын өсіріп, өңдейтін ауыл шаруашылығы кешенінің құрылысы 

«Базис Алатау» ЖШС, Қостанай облысы, 2017 жылы іске кіріседі, жобаның болжалды құны 117,6 млн доллар. Наурызым ауданынан 200,5 мың гектар жер бөлініп берілген. 42 мемлекеттік акт алынып, аталған аудандағы іргелес жатқан жерлердің иелерімен келісім жасалған. Қытайда аталған жобаны бекітіп, қаржыны нақтылау жұмыстарын жүріп жатыр. 

4. Құс фабрикасының құрылысы

Қазақстан тарапынан серіктес әлі анықталмаған. Кәсіпорын ШҚО-дағы Ұлан ауданында салынады. 2018 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Жоба құны — 20 млн доллар. Жобаны іске асыруға арналған жер экологтар мен СЭС-тің және өрт сөндіру қызметінің кеңесі бойынша таңдалып алынған. Жобаны қытайдың «СанБao» компаниясы іске асырады.  

chicken_165. Тамшылап суаруға қажетті құралдарды жасайтын зауыт құрылысы

«Yue Teng Agro» ЖШС, жобаның болжалды құны 0,03 млн доллар, Қарағанды облысы, пайдалануға 2018 жылы беріледі.

6. Тамшылап суаруды ұйымдастыру

«Yue Teng Agro» ЖШС, жоба болжалды құны — 1,8 млн доллар, Қарағанды облысы, 2018 жылы іске қосылады. 

7. Мүйіз және ет өнімдерін жасайтын цех құрылысы

«Олений парк» шаруашылығы, ШҚО, 2018 жылы іске қосылады, жобаның болжалды құны – 1,7 млн доллар. Қазір Қытай тарапы жобаны нақтылап, қаржы қарастырып жатыр. Аталған жоба жыл сайын бұғы мен маралдың бір тонна мүйізін өндіруге мүмкіндік береді. 

8. Құс фабрикасын салу

Қазақстан тарапынан серіктес әлі анықталмаған, ШҚО, 2018 жылы пайдалануға беріледі, жобаның болжалды құны – 132,4 млн доллар. Үржар ауданының әкімі құс фабрикасын салуға 200 гектар жер бөліп берген. Кәсіпорынға арналған инфрақұрылымды «Жұмыспен қамтудың жол картасы-200» бағдарламасы аясында салу жоспарланып отыр.      

Айта кетейік, жуырда жерді жалға алудың жаңа ережесі бекітілген еді. Оған сәйкес, жер аламын дегендер енді байқауға қатысады да, кімнің жерді игеруге бағытталған бизнес-жобасы үздік болса, жер тиісінше сол азаматқа беріледі. Жер реформасы жөніндегі комиссия президент Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторийді ұзартуға қол қойғанынан кейін, 13 тамызда, жұмысын тоқтатқан болатын. Аталған комиссия қытайлар мен шетелдіктерге жерді сатуға қарсы болған қазақстандықтардың жаңа реформаны қайта қарауды талап етіп, митингіге шыққанынан кейін құрылған еді.