Қазақстанның су қоймаларында балық қоры күрт азайып барады
Қазақстанның су қоймаларында балық қоры күрт азайып барады
8 жыл бұрын 2788 inform.kz Марлан Жиембай

Қазақстанның барлық су қоймаларындағы балық қоры күрт азайып барады. Бұл туралы «Табиғат» экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов мәлім етті.

«Мен білетін барлық су қоймаларында, атап айтқанда, Зайсанда да, Балқашта да, Алакөлде де, Каспийде де балықтың барлық түрлерінің қоры күрт азайып барады. Бұл трагедия. Шұғыл арада шаралар қабылдау қажет. Әрине, оның түрлі себептері бар. Негізгісі браконьерлік. Ал Каспийде кешенді проблемалар бар. Мәселен, Кеңес одағынан қалған ұңғымалардың қаншалықты жабық екендігін білмеймін. Егер олар жабық болмаса, мұнай төгіліп, Каспий үшін өте зор қауіп төндіреді», - деді ол.

Сонымен қатар, экологиялық одақ басшысы елімзіде браконьерліктің өте жоғары болып отырғандығына қынжылыс танытты.

«Браконьерік күшті дамып кеткен. Ол браконьерлерге заң жүрмейді. Өзім барып, олардың кез келген жазадан қалай жеңіл сытылып кететіндігін және одан кейін Каспийді тонауын жалғастыратындығын көрдім», - деді Елеусізов.

Айта кетейік, Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде еліміздегі балық шаруашылығының жағдайы және даму мәселелері талқыланды. Отырыста ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев таяу аралықта балық шаруашылығын дамыту Үкімет отырысында қаралатындығын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат