Қостанай тұрғыны өз балаларын америкалықтардың заңсыз асырап алғанын мәлімдеді
Қостанай тұрғыны өз балаларын америкалықтардың заңсыз асырап алғанын мәлімдеді
8 жыл бұрын 2820 tengrinews.kz © Евгений Поляничко

Қостанай тұрғыны Евгений Поляничко өз қызы мен баласын америкалықтардың заңсыз асырап алғанын осымен сегізінші жыл сот арқылы дәлелдей алмай жүр, - деп жазады "Қостанай жаңалықтары".

Қазір Евгенийдің баласы Леонтий Келарев 11 жаста, ал қызы Виктория 10-да. Олар 2007 жылдың 5 қыркүйегінде асырап алынып, содан бері АҚШ-та басқа аттармен өмір сүріп жатыр. Аттары Закери және Аделин Снайдер. Қостанайлықтың айтуынша, оны алдап соққан - балаларды "Дельфин" деп аталатын Балалар үйінде уақытша тобына қосып, кейін ата-анасы бас тартқандардың санатына қосып жіберген. 


Леонтий мен Виктория енді Закери мен Аделин

2015 жылдың соңында облыстық сот ер адамның талабын қанағаттандырмады. Ол балаларынан ажырап қалып, моральдық зиянын көргендіктен өтемақы талап етіпті. Алайда ол мұнымен тоқтап қалғысы жоқ.


Асырап алынған балалар Фитчбург қаласында тұрып жатыр (Висконсин штаты)

Ал таяуда қазақстандық балалардың Вашингтон штатында өлтірілген оқиғасынан кейін Поляничко Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне өтініш жазып, Америкадағы балаларының жағдайын тексеруін сұрамақ екен. 



Евгений Поляничко. Фото: Константин Вишниченко

"Біздің заңдарды өзгерту керек. Бірнеше сот, тіпті Жоғарғы сот та балаларымның заңсыз асырап алынғанын айтып, асырап алынбағандардың санатына жатқызды. Бірақ Қазақстанда балаларды қайтару механизмі жоқ. Мен бір ғана талап айттым, моральдық шығынның өтемақысын алып, сол ақшаға АҚШ сотына барып, балаларыммен кездескім келді. Бірақ бұл үмітімді үзіп тастады. Қанша тырысқаныммен, балаларымды асырап алған Эндрю Дин мен Сара Джо Снайдер жауап қатпай отыр. Балаларымның ол жақта қалай өмір сүріп жатқаны жайлы есеп те жоқ, біздің де қорғаншылық органдарымызда бірнеше жылдан бері жоқ. Бұл дұрыс па?" - деп қамығады ол.

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол 2010 жылы Қазақстан Президенті Әкімшілігіне осы мәселе бойынша хабарласқан. Сол уақытта ведомстводағылар істі республиканың ішкі істер министрлігіне жолдады. Ал СІМ өкілдері өз кезегінде мәселені шешуге уәде берген, алайда осы күнге дейін ешқандай нәтиже жоқ.

0 пікір
Мұрағат