Жаһан: Еуропалықтар Шенгеннен бас тартуға дайын
Жаһан: Еуропалықтар Шенгеннен бас тартуға дайын
8 жыл бұрын 2506

Еуропалықтардың басым бөлігі Шенген аймағынан бас тартуға әзір. Бұған кәрі құрлық елдерінде жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы дәлел. Париждегі лаңкестік, астыртын келетін келімсектердің көптігі шекараны ашып тастау жайын тағы бір қарап шығу керектігіне көз жеткізгендей. Әсіреcе әрбір 6-шы адам шекарадағы бақылауды қалпына келтіру керек деп санайды.  Шенген аймағында италиялықтар өздерін қауіпсіз сезінбейді. Тұрғындардың 56%-ы елге кіретін есіктерді жауып, ұлттық шекарадағы бақылауды күшейту керек деп санайды. Ал француздардың 40%-ы италиялықтармен келіссе, немістердің 19%-ы ғана қолдайды.  Әлеуметтанушылар жүргізген зерттеу нәтижелері тұрғындардың Еуроодаққа деген сенімдерінің төмендеп бара жатқанын көрсеткендей. Өйткені әрбір үшінші италиялық қана Еуропаның бірігу бастамасын қолдайды. Демек, Еуроодақтың болашағы бұлыңғыр күйде қалып отыр.

Жапония БҰҰ-ның ұсынысын қабылдаудан бас тартады

Мәселе екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде жапон әскерилеріне Оңтүстік Корея әйелдерін саудаға салуы турасында. Кезінде әйелдерге көрсетілген зорлық-зомбылық Жапония мен Оңтүстік Кореяның арасында ұзақ уақыт бойы шешілмеген даулы сұрақ болып келді. Бірақ өткен жылдың желтоқсанында Токио ресми түрде Сеулден кешірім сұрап, өтемақы ретінде 8 млн АҚШ долларын төлейтін болды. Әйтсе де таяуда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті қос тарап жәбірленушілердің шешімінсіз ортақ мәмілеге келді деп санайды. Ал Күншығыс елі халықаралық ұйым өкілдерімен келіспейді. Йошихиде Суга, Жапон министрлер кабинетінің бас хатшысы: - БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті Жапония мен Оңтүстік Корея арасындағы келісімді сынға алғаны өкінішті. Зорлық-зомбылық көрген әйелдер мәселесі жөніндегі құжатпен қос тараптың ең үздік дипломаттары жұмыс істеді. Сонымен қатар екі елдің көшбасшылары нақты шешім қабылдады.

0 пікір
Мұрағат